Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Атырау қаласындағы нысан бойынша іріктеуден өту қажеттілігі туралы

Атырау қаласындағы нысан бойынша іріктеуден өту қажеттілігі туралы

2 марта 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) Нысан құрылысының аяқталуына байланысты Іріктеуден (төлем қабілеттілігін бағалаудан) өту қажеттілігі туралы хабарлайды.
Нысан: «Атырау қаласы, Береке ықшам ауданында орналасқан 45 және 60 пәтерлік тұрғын үй құрылысы», коды-413.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 140 000 теңге.
Пәтер саны:30, соның ішінде:
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 2 пәтер, ең жоғарғы аудан 45,31 ш.м.
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 13 пәтер, ең жоғарғы аудан 63,91 ш.м.
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 15 пәтер, ең жоғарғы аудан 83,83 ш.м.

Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: 02.03.2018 жылдан бастап 16.03.2018 жылға дейін.
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 02.03.2018 жылдан бастап 30.03.2018 жылға дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 02.04.2018 жылы.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында ғимарат қасбетінің фото-суреттерін және пәтер жоспарын көре аласыздар.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында көрсетілген.
Іріктеуден өту үшін өтініш берушілердің тізімі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу мерзімі аяқталған соң Іріктеуге арналған құжаттарды Банк қабылдамайды.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру