Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Атырау қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

Атырау қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

23 ноября 2017
Құрметті Салымшылар!

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) ««Байтерек Девелопмент» АҚ арқылы несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысуға қосымша конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Нысан: Атырау қаласы, Баймұханов көшесі, 39 үй ( дақ №1,2) мекенжайы бойынша орналасқан «Екі 9-қабатты 72 пәтерлік тұрғын үй құрылысы», коды -264.

Құрылыстың аяқталуының жоспарлы мерзімі: 30.12.2017 ж.

«Таза әрленген» тұрғын үйдің 1 ш.м. құны: 182 974 теңге

Жайлылық класы: 3 класс

Пәтер саны: 47

Пәтер типі: 1- бөлмелі,бөлмелер саны – 47, жалпы ауданы- 49,04 ш.м.

«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысуға өтініш беру мерзімі: 2017 жылғы 27 қараша мен 7 желтоқсан (қоса алғанда) аралығы

Баллдарды есептеу күні (үміткерлерді іріктеу): 8 желтоқсан 2017 жыл
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): 2017 жылғы 14 желтоқсан мен 29 желтоқсан (қоса алғанда) аралығы

Тұрғын үй таңдау кезеңі: 2017 жылдың 14 желтоқсаны мен 2018 жылдың 11 қаңтары (қоса алғанда) аралығы

Тұрғын үйді бөлу күні: 12 қаңтар 2018 жыл.

Өтінішті Банктің www.baspana.kz. интернет ресурсында беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.baspana.kz. интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Пәтерлерді бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында көрсетілген.
Іріктеу үшін (төлемқабілеттілігін бағалау) құжаттар тізімі Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында көрсетілген.

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру