Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Астана қаласында «Өз үйім» бағдарламасына қатысу үшін дауыс берудің басталғандығы туралы

Астана қаласында «Өз үйім» бағдарламасына қатысу үшін дауыс берудің басталғандығы туралы

21 августа 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Өз үйім» бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылыс нысандарына дауыс берудің басталғандығы жайында хабарлайды.
Нысан: «Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Е49 көшесі, №4 жер учаскесінде жапсарлас салынған орынжайлары, паркингі және кеңсе ғимараттары бар көппәтерлі тұрғын үй кешені (ТҮК Алтын шар). 2 кезек. №1 Белгі», орналасқан мекенжайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, Е49 көшесі (Туран және Керей, Жәнібек хандар көшелерінің қиылысындағы), №4 жер телімі.
17-қабатты «Алтын шар» тұрғын үй кешені.
Тапсырыс берушінің атауы: «АЛТЫН ШАР WEST» ЖШС.
Құрылыстың аяқталу мерзімі: 30.09.2018 ж.
Тұрғын үй толық дайын күйінде және бекітілген жобаға сәйкес өткізілетін болады.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 260 000 теңге.
Жайлылық сыныбы: кішігабаритті тұрғын үй
Пәтер саны: 120, соның ішінде:
Пәтер түрі 1-бөлм.: 92 пәтер, ең үлк. ауданы 46,59 шаршы м.
Пәтер түрі 2-бөлм.: 21 пәтер, ең үлк. ауданы 68,38 шаршы м.
Пәтер түрі 4-бөлм.: 7 пәтер, ең үлк. ауданы 117,45 шаршы м.

«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 23.08.2017 жылдан бастап 22.09.2017 жылға дейін.
Балл есептелетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 25.09.2017 жыл.
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге жинағы болуы тиіс.
Бағдарламаға қатысуға өтініш бере отырып, Банк Салымшылары Нысандағы пәтерлерді Банк салымшыларына өткізуге дауыс береді. Өтініш қабылдау аяқталған күні Банктің ішкі құжаттарына сәйкес Үміткерлердің/Резервистердің қажетті саны жеткіліксіз болған жағдайда, онда Нысанға қажетті дауыс беру саны жиналмаған деп есептелініп, Бағдарламаға қатысуға берілген өтініштер автоматты түрде жойылады.
Банктің интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет банкте» өтініш беруге болады: www.hcsbk.kz. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Құрылыс нысанының сипаттамасымен, ғимарат қасбетінің фото-суреттерімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында танысуға болады.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру