Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Астана қаласында «Өз үйім» бағдарламасы бойынша іріктеудің басталғаны туралы

Астана қаласында «Өз үйім» бағдарламасы бойынша іріктеудің басталғаны туралы

30 октября 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) Іріктеуден (төлем қабілеттілігін бағалаудан) өту қажеттілігі туралы хабарлайды.
Нысан: «Қорғалжын тас жолы және №Е430, №Е370 көшелері (жобалық атаулар) қиылысы маңындағы жапсарлас салынған орынжайлары мен паркингі бар көп пәтерлі «Саржайлау» тұрғын үй кешені. Астана қаласы, Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы, 31 жер телімі мекен жайы бойынша орналасқан.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 250 000,00 теңге.
Банк желісі бойынша пәтерлер саны 54, олардың:
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 54 пәтер, ең жоғарғы аудан 71,44 ш.м.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: 30.10.2017 жыл мен 10.11.2017 жыл аралығында
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 30.10.2017 жыл мен 19.11.2017 жыл аралығында
Тұрғын үйді бөлу күні: 20.11.2017 ж.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында ғимарат қасбетінің фото-суреттерін және пәтер жоспарын көре аласыздар.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында көрсетілген.
Іріктеуден өту үшін өтініш берушілердің тізімі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу мерзімі аяқталған соң Іріктеуге арналған құжаттарды Банк қабылдамайды.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру