Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Астана қаласында «Өз үйім» бағдарламасы бойынша тұрғын үй нысанына дауыс беру туралы

Астана қаласында «Өз үйім» бағдарламасы бойынша тұрғын үй нысанына дауыс беру туралы

24 августа 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын құрылыс жинақ банкі» АҚ «Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы нысандарына дауыс беру туралы хабарлайды.
Нысан: «Астана қаласы, Обаған, А. Байтұрсынұлы, Ж. Нәжімиденов көшелерінің қиылысы маңында орналасқан «Millenium Park» әкімшілік-тұрғын үй кешені», 2 белгі, 14 блок», орналасқан мекенжайы: Астана қаласы, 23-15 көшесі, ½ жер телімі.
Тапсырыс берушінің атауы: «Аллея тысячелетия-2» ЖШС.
Құрылыстың болжалды аяқталу мерзімі: ақпан 2018 жыл.
Салымшылар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу арқылы тұрғын үйді сатып алады. Құрылыс кезеңінде Банк салымшыларға кредит береді және тікелей сатып алушыларға қызмет көрсетеді. Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының кепілдігін алған соң, Тапсырыс беруші Нысан құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастырады, қордың негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кепілдікті жағдай болған кезде құрылысты аяқтау болып табылады.
Тұрғын үй (Нысандағы үлес) толық дайын күйінде және бекітілген жобаға сәйкес өткізілетін болады.
Тұрғын үйдің (Нысандағы үлес) 1 шаршы м. құны: 290 000 теңге.
Жайлылық сыныбы: 4 класс.
Пәтер саны: (Нысандағы үлес) 100 пәтер, соның ішінде:
Пәтер түрі (Нысандағы үлес) 1-бөлм.: 35 пәтер, ең үлкен ауданы 46,0 ш.м.
Пәтер түрі (Нысандағы үлес) 2-бөлм.: 25 пәтер, ең үлкен ауданы 66,0 ш.м.
Пәтер түрі (Нысандағы үлес) 2-бөлм.: 2 пәтер, ең үлкен ауданы 78,9 ш.м.
Пәтер түрі (Нысандағы үлес) 2-бөлм.: 3 пәтер, ең үлкен ауданы 98,4 ш.м.
Пәтер түрі (Нысандағы үлес) 3-бөлм.: 12 пәтер, ең үлкен ауданы 70,7 ш.м.
Пәтер түрі (Нысандағы үлес) 3-бөлм.: 23 пәтер, ең үлкен ауданы 84,4 ш.м.

«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 28.08.2017 жылдан бастап 27.09.2017 жылға дейін.
Балл есептелетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 28.09.2017 жыл.
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге жинағы болуы тиіс.
Бағдарламаға қатысуға өтініш бере отырып, Банк Салымшылары Нысандағы пәтерлерді (Нысандағы үлес) Банк салымшыларына өткізуге дауыс береді. Өтініш қабылдау аяқталған күні Банктің ішкі құжаттарына сәйкес Үміткерлердің/Резервистердің қажетті саны жеткіліксіз болған жағдайда, онда Нысанға қажетті дауыс беру саны жиналмаған деп есептелініп, Бағдарламаға қатысуға берілген өтініштердің күші автоматты түрде жойылады.
Банктің интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет банкте» өтініш беруге болады: www.hcsbk.kz. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің фото-суреттерімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында танысуға болады.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру