Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Астана қаласында «Өз үйім» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылыс нысанына дауыс беру туралы

Астана қаласында «Өз үйім» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылыс нысанына дауыс беру туралы

22 мая 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Өз үйім» бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысуға өтініш қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы нысандарына дауыс беру туралы хабарлайды.

Нысан: «Бағыстан» ТҮК - «Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Тельман тұрғын алабының оңтүстігіне қарай жобалық атауы Е111, Е117, Е120, Е770 ауданында орналасқан жапсарлас салынған орынжайлары мен паркингі бар көппәтерлерлі тұрғын үй кешені».

Құрылыстың 1-кезегі, №1 Позиция, Астана қаласы, Есіл ауданы, Е 117 көшесі, 23 учаскіде орналасқан.

Құрылыстың 2-кезегі, №3 Позиция», Астана қаласы, Есіл ауданы, Е 117 көшесі, 24 учаскіде орналасқан.

Тапсырыс берушінің атауы: «Бағыстан» ЖШС
Құрылыс салушының (ЕДБ) атауы: «Шар Құрылыс» ЖШС
Құрылыстың болжалды аяқталу мерзімі: №1 Позиция – шілде 2019 жыл, №3 Позиция - қазан 2019 жыл.
Салымшылар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу арқылы тұрғын үйді сатып алады. Құрылыс кезеңінде Банк салымшыларға кредит береді және тікелей сатып алушыларға қызмет көрсетеді. Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының кепілдігін алған соң, Тапсырыс беруші Нысан құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастырады, қордың негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кепілдікті жағдай болған кезде құрылысты аяқтау болып табылады.
Тұрғын үйдің (Нысандағы үлес) 1 шаршы м. құны: 239 900 теңге
Жайлылық сыныбы: 4 класс
Пәтер саны: (Нысандағы үлес) 162 пәтер, соның ішінде:
Пәтер түрі (Нысандағы үлес) 2-бөлм.: 16 пәтер,
Пәтер түрі (Нысандағы үлес) 3-бөлм.: 108 пәтер,
Пәтер түрі (Нысандағы үлес) 4-бөлм.: 38 пәтер.


«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 24.05.2018 жылдан бастап 06.06.2018 жылға дейін.
Балл есептелетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 07.06.2018 жыл.
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге жинағы болуы тиіс.
Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдалған пәтер (Нысандағы үлес) құнының кемінде 30%-ы көлемінде тұрғын үй құрылыс жинағы болғанда алдын ала тұрғын үй заемын алуға өтініш беру мүмкін болады.
Бағдарламаға қатысуға өтініш бере отырып, Банк Салымшылары Нысандағы пәтерлерді (Нысандағы үлес) Банк салымшыларына өткізуге дауыс береді. Өтініш қабылдау аяқталған күні Банктің ішкі құжаттарына сәйкес Үміткерлердің/Резервистердің қажетті саны жеткіліксіз болған жағдайда, онда Нысанға қажетті дауыс беру саны жиналмаған деп есептелініп, Бағдарламаға қатысуға берілген өтініштердің күші автоматты түрде жойылады.
Банктің интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет банкте» өтініш беруге болады: www.hcsbk.kz. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің фото-суреттерімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында танысуға болады.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру