Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Астана қаласындағы нысан бойынша іріктеу мерзімінің ұзартылғаны туралы

Астана қаласындағы нысан бойынша іріктеу мерзімінің ұзартылғаны туралы

11 декабря 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Астана қаласындағы нысан бойынша іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімінің ауыстырылғаны туралы хабарлайды.
Нысан: Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жақ жағалауы, Мәңгілік ел мен 227 көшесінің (жобалық атау) қиылысында орналасқан тұрғын үй кешені. Жақын маңайда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Медициналық орталық ауруханасы орналасқан.

Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: 19.11.2018 жыл мен 14.12.2018 жыл аралығында
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 19.11.2018 жыл мен 24.12.2018 жыл аралығында
Тұрғын үйді бөлу күні: 25.12.2018 ж.
Банктің www.hcsbk.kz немесе baspana.kz интернет-ресурсында тұрғын үйді бөлу рәсімімен, іріктеуге (төлем қабілеттілігін бағалауға) қажетті құжаттар тізімімен, ғимарат қасбетінің фото-суреттерімен және пәтерлердің жоспарымен танысуға болады.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру