Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қаскелең қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс туралы

Қаскелең қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс туралы

4 мая 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай-Банк) «Жергілікті атқарушы органдар арқылы несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы қосымша конкурс жөнінде хабарлайды.
Нысан: «Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында орналасқан 50 пәтерлі тұрғын үй».
Құрылыс аяқталған. Нысан пайдалануға берілді.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 140000 теңге.
Пәтер саны: 1 пәтер
Пәтер түрі 2, 2-бөлмелі, ең жоғарғы ауданы 59,9 ш.м;
Жобаға қатысу үшін өтініш беру мерзімі: 2018 жылдың 10 мамырынан бастап 16 мамырына дейін.
Балл санау күні: 17 мамыр 2018 жыл.
Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz, интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш беру күні және уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz , интернет ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.

Пәтерлерді бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында көрсетілген.

Біліктілікке (төлем қабілеттілігін бағалауға) қажетті құжаттар тізімін Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында көрсетілген.


Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру