Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қаскелең қаласында «Өз үйім» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс туралы

Қаскелең қаласында «Өз үйім» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс туралы

3 июня 2019
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) «Өз Үйім» Бағдарламасы бойынша қосымша іріктеу өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Нысан: «3-қабатты 35-пәтерлі тұрғын үй». Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Қарасай батыр көшесі, 35А тұрғын үй мекенжайы бойынша орналасқан.
Құрылыс салушының атауы: Ниеткалиев Айдар Аскарович
Құрылыстың болжамды аяқталу мерзімі: құрылыс аяқталған
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы: 185 000 теңге.
Пәтер саны: 34,
Пәтер түрі 1-бөлмелі : 5 пәтер, максималды көлемі 29,6 ш.м;
Пәтер түрі 1-бөлмелі : 29 пәтер, максималды көлемі 39,8 ш.м;
«Өз үйім» бағдарламасы бойынша өтініштерді қабылдау мерзімі: 05.06.2019 бастап 21.06.2019 жылға дейін
Балл санау күні (Үміткерлерді іріктеу) : 24.06.2019 жыл
Біліктілік мерзімі (төлеу қабылеттілігін растау): 01.07.2019ж бастап 15.07.2019 жылға дейін
Іріктеуден өту орны: Банк филиалдары
«Өз үйім» Бағдарламасына өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында 500 000 (бес жүз мың) тенгеден кем емес сома болу керек.
Аралық тұрғын үй займына өтініш беру үшін тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдап алынған пәтер бағасының кемінде 50 %-ы болу керек.
«Өз үйім» Бағдарламасына өтініш бере отырып Банк салымшылары, сонымен қатар Банк салымшыларына Нысандағы пәтерлерді сатуға келіседі. Егер де өтініш қабылдаудың соңғы күнінде салымшылар өтініштерінің керекті саны берілмесе, Банк ішкі құжаттарына сәйкес Нысан келісілмеген болып саналады және де «Өз үйім» Бағдарламасына берілген өтініштер автоматты түрде жойылады.
Пулға өтініш тек қана Банк салымшыларынан Банктің www.baspana.kz. интернет-ресурсында беріледі. Өтініштің берілген күні және уақыты иеленген балл санына және өтініш берушінің кезегіне әсер етпейді.
Үй бөлу тәртібімен, біліктіліктен өту үшін қажет құжаттар тізімі, сонда-ақ ғимарат қасбеттерінің фотосуретін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz немесе www.baspana.kz интернет-ресурсынан көруге болады.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру