Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қаскелең қаласында «Өз үйім» бағдарламасы бойынша нысан пәтерлерінің аумақтары өзгергені туралы

Қаскелең қаласында «Өз үйім» бағдарламасы бойынша нысан пәтерлерінің аумақтары өзгергені туралы

5 сентября 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Өз үйім» бағдарламасы бойынша (бұдан әрі – Бағдарлама) нысанның пәтерлерінің аумақтары өзгергені туралы хабарлайды.

Нысан: Алматы облысы, Қаскелең қаласында орналасқан 9­қабатты 162­пәтерлі "Алатау Ажары" тұрғын үй кешені.

Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 09.03.2018 жыл.
Жайлылық класы: 3
Пәтер саны: 24,
Пәтер түрі 2, 2­бөлм: 6 пәтер, ең жоғарғы аумағы 58,8 ш.м, «Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы:
180 000 теңге.
Пәтер түрі 1, 1­бөлм: 8 пәтер, ең жоғарғы аумағы 37,2ш.м, «Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы:
180 000 теңге.
Пәтер түрі 3, 1­бөлм: 10 пәтер, ең жоғарғы аумағы 57,8 ш.м, «Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы:
180 000 теңге.
Жобаға қатысу үшін өтініш беру мерзімі: 08.08.2018 бастап 22.08.2018 дейін
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау) (Нысанды келіскен жағдайда): 23.08.2018
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге жинағы болуы тиіс.
Алдын ала тұрғын үй займын алуға өтінішті тапсыру, өтініш тапсырушының тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдап алынған пәтер бағасынан кемінде 20% болған жағдайда ғана мүмкін. Бағдарламаға қатысуға өтініш бере отырып, Банк Салымшылары Нысандағы пәтерлерді Банксалымшыларына өткізуге дауыс береді. Өтініш қабылдау аяқталған күні Банктің ішкі құжаттарына сәйкес Үміткерлердің/Резервистердің қажетті саны жеткіліксіз болған жағдайда, онда Нысанға қажетті дауыс беру саны жиналмаған деп есептелініп, Бағдарламаға қатысуға берілген өтініштер автоматты түрде жойылады.
Банктің интернет­ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет банкте» өтініш беруге болады: www.baspana.kz. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Құрылыс нысанының сипаттамасымен, ғимарат қасбетінің фото­суреттерімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.baspana.kz интернет­ресурсында танысуға болады.
Бөлу тәртібі Банктің www.baspana.kz интернет­ресурсында көрсетілген.
Саралауға (төлем қабілеттілігін бағалауға) арналған құжаттар тізімі Банктің интернет­ресурсында көрсетілген www.baspana.kz.
Қосымша сұрақтар туған жағдайда, 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан қоңырау соғу тегін) Банктің Байланыс орталығына хабарласуыңызды өтінеміз.

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру