Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Құрметті қолданушылар!

27 Декабря 2017
«ТҚЖБ шыршасы» байқауының ережелері

Байқауға қатысу үшін міндетті шарттар:

* Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің филиалына/бөлімшесіне байқауға қатысушының өзі келіп, Банктің филиалында/бөлімшесінде орнатылған арнайы байқау шыршасының жанында суретке өзі түсуі қажет;
* Қатысушы Facebook немесе Vkontakte немесе Instagram әлеуметтік желілерінде #ТҚЖБшыршасы және/немесе #ЁлкаЖССБК хештегтерімен фотосуретті жариялауы керек;
* Қатысушы байқау жазбасының астына «Қатысамын» немесе «Участвую» деп пікір қалдыруы керек;
* Қатысушы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің парақшасына жазылуы керек;
* Бір адам байқауда тек бір әлеуметтік желі бойынша ғана жеңіске жете алады;
* Қатысушының аккаунты байқау өтіп жатқан кезде жеңімпазды жариялағанға дейін және байқау жеңімпазы анықталған соң 10 күнтізбелік күн ішінде барлық қолданушыларға ашық болуы тиіс.

Байқауға кімдер қатыса алады?

* Байқау жасы 18-ден асқан Қазақстан азаматтары арасында өтеді;
* Байқауға Facebook, ВКонтакте, InstagramТұрғын үй құрылыс жинақ банкінің филиалында/бөлімшесінде орнатылған арнайы байқау шыршасымен түсірілген барлық суреттер қатыстырылады. Фотосуреттер байқау ұйымдастырушылары бекіткен мерзім ішінде түсірілуі тиіс: 2017 жылдың 27 желтоқсанынан бастап 29 желтоқсан 18:00-ге дейін;
* Қатысушылардың суреттерінің жанында #ТҚЖБшыршасы және/немесе #ЁлкаЖССБК хештегтері боулы тиіс;
* Байқауға тек жеке тұлғалар ғана қатыса алады.

Нәтижелердің жариялануы:

Байқау нәтижелері 2018 жылдың 5 қаңтарында 14:00 мен 18:00 аралығында жарияланады.

* Ұйымдастырушылар барлығы 30 жеңімпазды анықтайды:
- 10 жеңімпаз Facebook-те (ең көп лайк жинаған 5 адам және кездейсоқ сандар генераторы арқылы анықталған 5 адам);
- 10 жеңімпаз Вконтактеде (ең көп лайк жинаған 5 адам және кездейсоқ сандар генераторы арқылы анықталған 5 адам);
- 10 жеңімпаз Instagram-да (ең көп лайк жинаған 5 адам және кездейсоқ сандар генераторы арқылы анықталған 5 адам);
* Екі немесе одан көп қатысушы бірдей лайк санын жинаған жағдайда жазба репостары мен пікірлерінің саны ескерілетін болады;
* Байқауға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қызметкерлері мен өкілдері қатыса алмайды.

Байқау ұйымдастырушылары байқауға қатысушының жұмысын қабылдамау құқығына ие.
Байқау ұйымдастырушылары байқаудың шарттарын, ережелерін және сыйлықтарын өзгерту құқығына ие.




ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!