Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

АЛМАТЫЛЫҚ ЖАСТАР ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІНІҢ КӨМЕГІМЕН ТИІМДІ ШАРТТАР АРҚЫЛЫ БАСПАНА АЛА АЛАДЫ

АЛМАТЫЛЫҚ ЖАСТАР ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІНІҢ КӨМЕГІМЕН ТИІМДІ ШАРТТАР АРҚЫЛЫ БАСПАНА АЛА АЛАДЫ

29 Июня 2018
Алматы қаласында «2020 жылға дейін жастарды қолдау жол картасы» аясында «Алматы Жастары» тұрғын үй бағдарламасының екінші кезеңі іске қосылады. Бағдарлама 35 жасқа дейінгі кез-келген санаттағы алматылыққа пәтер сатып алу үшін жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік береді. Алматы қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы мен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ынтымақтастық туралы тиісті келісімге қол қойды.
    Қала жастарына жеңілдетілген несие беруге арналған «Алматы Жастары» бағдарламасы 2017 жылы қолға алынған болатын. Ол үшін өткен жылы жергілікті бюджеттен 1 млрд теңге бөлінген еді.
    Бағдарлама аясында 2017 жылы 6 657 өтініш түсіп, 108 отбасы тұрғын үй сатып алуға несие ресімдеді.
    2018 жылы «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасы үшін жергілікті бюджеттен 2 млрд теңге бөлінді.
   «Алматы Жастары» бағдарламасының басты ерекшелігі пайыздық мөлшерлемесінің төмендігінде, яғни жобаға қатысушылар 10 млн теңгеге дейінгі соманы жылдық мөлшерлемесі 5% болатын жеңілдетілген несие түрінде ала алады. Несиелендіру мерзімі 3 жыл мен 25 жыл аралығында. Ол үміткердің төлем қабілеттілігінің негізінде әр жағдайда жеке анықталады.
    Құжаттарды қабылдау www.almaty-zhastary.kz сайтында жүзеге асады, бағдарлама аясында несиелендірудің ашықтығы қамтамасыз етіледі.
    Өтініш қабылдау мерзімі аяқталған соң қатысушыларды іріктеу басталады. Жеңілдетілген несиелендіруден үміткерлердің пулы «Алматы Жастары» бағдарламасына арнап әзірленген ұпай жүйесіне сәйкес іріктеледі. Ол қатысушының некеде тұрған жыл саны, балаларының саны, жұмыс орны мен өтілі, кәсібі, Алматыда тіркелген-тіркелмегені секілді жас алматылықтарды қолдауға бағытталған көптеген критерийлерді ескереді.
    Осы жылы ұпай жүйесіне бірқатар жаңалық енгізіліп отыр.
    Жекелей алғанда, бірінші балаға 10 ұпай, ал әр келесі бала үшін 20 ұпайдан беріледі.
    Сондай-ақ өтініш берген сәтте некеде тұрғандарына 1 жылдан аз болған жас жұбайларға 30 ұпай беріледі.
    Осы жылы шілденің 9-ы мен 20-сы аралығында бағдарлама аясында өтініштер мен қажетті құжаттарды қабылданады.
    Бағдарламаға қатысу туралы өтініш қабылдау www.almaty-zhastary.kz арнайы порталы арқылы жүреді..
    «Алматы жастары» бағдарламасының аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі несиені тек жаңа үй сатып алуға ғана береді. Баспананы бағдарламаға қатысушы өзі таңдайды.
    «Алматы Жастары» бағдарламасы туралы толық мәліметті                         www.almaty-zhastary.kz сайтынан,  Алматы қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы (www.uzh-almaty.kz) және «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (www.hcsbk.kz) сайттарынан, сондай-ақ 300 немесе 8-8000-801-880 (қоңырау шалу тегін), +7 (727) 380 05 23 телефондары бойынша білуге болады.
Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру

Сізбен 30 минуттан кейін хабарласады*
*жұмыс күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін,
ал демалыс және мереке күндері
сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін