Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Алматы қаласында "Өз үйім" бағдарламасы бойынша қосымша конкурс туралы

Алматы қаласында "Өз үйім" бағдарламасы бойынша қосымша конкурс туралы

17 января 2019
Құрметті салымшылар!
"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі"АҚ "Өз үйім" бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Нысан: Алматы қ., Алатау ауд., Ақбұлақ ы.а., №1 көше, 43/6 жер телімінде орналасқан "Алмалы" тұрғын үй кешені, коды №1128 (№1-3 Пул №1 қосымша конкурс).
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: Ақпан 2019 ж.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 259 000 теңге.
Жайлылық сыныбы: 4 сынып
Пәтер саны: 177, оның ішінде:
Пул №1, пәтер типі: 1-бөлмелі, 57 пәтер, максималды алаңы – 34,3 ш.м.
Пул №2, пәтер типі: 1-бөлмелі, 59 пәтер, максималды алаңы – 36,9 ш.м.
Пул №3, пәтер типі: 2-бөлмелі, 61 пәтер, максималды алаңы – 58,7 ш.м.
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 16.01.2019 жылдан бастап 28.01.2019 жылға дейін
Балл есептелінетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 29.01.2019ж.
Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): 04.02.2019ж. бастап 15.02.2019ж. дейін
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 04.02.2019ж. бастап 25.02.2019ж. дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 26.02.2019ж.
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге жинағы болуы тиіс.
Алдын ала тұрғын-үй қарызын алуға өтініштерді тапсыру барысында өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ есеп шотында таңдап алынған пәтер құнынан кемінде 20% болуы тиіс.
Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады.
Банктің www.hcsbk.kz, www.baspana.kz интернет-ресурстарында өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді. Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру