Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Ғалымжан Тәджияқов «Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры қызметіне тағайындалды

Ғалымжан Тәджияқов «Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры қызметіне тағайындалды

5 Июля 2016
Ғалымжан Тәджияқов «Бәйтерек» басқарушы холдингінің басқарушы директоры лауазымына тағайындалды. Оның қызметтік құзыретіне жобалық және корпоративтік қаржыландыру мәселелері кіреді.

Ғалымжан Тәджияқовтың банк саласындағы басқару қызметтерінде 14 жылға жуық еңбек өтілі бар. Оның ұзақ мерзімді жобалық қаржыландыруды (инвестициялық) іске асыру, сондай-ақ халықаралық инвестицияларды тарту жөніндегі жобаларды ұйымдастыру мен құрылымдау бойынша міндеттерді шешудегі тәжірибесі мол.

«Бәйтерек» холдингіне шақырылғанға дейін Еуразиялық даму банкінде басқарушы директор, «Ситибанк Қазақстан» АҚ-да кіші Вице-президенті болды. «HSBS Банк Қазақстан» АҚ-да түрлі позицияларында жұмыс жасап, «Каспи Банк» АҚ Қаржы институттары басқармасының бастығы қызметін атқарды.

Ғалымжан Тәджияқов Қазақстан мен Ұлыбританияның жоғары оқу орындарын – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (халықаралық экономист) және Дарем университетінің бизнес-мектебін (МВА) үздік тәмандаған.

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!