Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Ақмола облысында (Қосшы а.) «Өз үйім» бағдарламасы бойынша қайта іріктеудің басталғандығы туралы

Ақмола облысында (Қосшы а.) «Өз үйім» бағдарламасы бойынша қайта іріктеудің басталғандығы туралы

28 мая 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) Нысан құрылысының аяқталуына байланысты қайта Іріктеуден өту қажеттілігі (төлем қабілеттілігін бағалау) туралы хабарлайды.

Нысан: «Ақмола обл., Целиноград ауданы, Қосшы ауылы, Республика к-сі, жер телімі 5 д» мекенжайында орналасқан 28 үй, нысан коды 399.

Тұрғын үйдің 1 ш.м. құны: «таза» әрлеуде 178 312 теңге.
Пәтер саны: 45,
Пәтер түрі 1-бөлмелі пәтер: 10 пәтер, ең жоғарғы аумағы - 37,8 ш.м. ;
Пәтер түрі 2-бөлмелі пәтер: 25 пәтер, ең жоғарғы аумағы - 54,9-56,9 ш.м.
Пәтер түрі 3-бөлмелі пәтер: 10 пәтер, ең жоғарғы аумағы - 74,0 – 74,9 ш.м.

Қайта Іріктеуден өту мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): 29.05.2018 жылдан 11.06.2018 жылға дейін.
Іріктеуден (төлем қабілеттілігін бағалау) өту үшін құжаттар тізімі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу мерзімі аяқталғаннан кейін Банк Іріктеуден өту үшін құжаттарды қабылдамайды.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру