Нашар көретіндерге арналған нұсқа
2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына "«ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу»" бағыты бойынша тұрғын үйлердің пул құрусыз өткізілетіні мерзімін ұзарту туралы хабарландыру.

2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына "«ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу»" бағыты бойынша тұрғын үйлердің пул құрусыз өткізілетіні мерзімін ұзарту туралы хабарландыру.

15 октября 2021 Нысан коды: 1653

Құрметті салымшылар!     

АО "Отбасы банк" (бұдан әрі – Банк) 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша тұрғын үйлердің пул құрусыз өткізілетіні мерзімін 2021 ж. «21» қазанға сағат 19:00-ге (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) дейін ұзарту туралы хабарлайды. 

Нысан: "ШҚО, Семей қ. «Карагайлы» тұрғын ауданы көшесінде орналасқан 9 қабатты, 72 пәтерлі тұрғын үйі, №6 позиция, 1653 коды (сыртқы инженерлік желілерсіз)", ШҚО, Семей қ., «Карагайлы» тұрғын ауданы мекенжайы бойынша орналасқан.

Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: наурыз 2021 жыл.
Тұрғын үйдің «таза» әрленгендегі 1 ш.м. бағасы: 160 000 теңге.
Жайлылық сыныбы: IV.

Тұрғын үй бірліктерінің саны: 7,
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 4 пәтер, ең жоғарғы ауданы 40,8 ш.м.;
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 3 пәтер, ең жоғарғы ауданы 59,8 ш.м.

Пулды құрусыз Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 22.09.2021 ж. бастап сағат 10:00 - ден 21.10.2021 ж. сағат 19:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша).

Брондау мерзімі: 22.09.2021 ж. бастап сағат 10:00 - ден 21.10.2021 ж. сағат 19:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша).

Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): тұрғын үйді брондаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні.

Өтініштер ЖАО-ның кезек күтушілері болып табылатын Банк салымшыларынан, "Бақытты отбасы" бағытының келесі санаттар бойынша негізгі тізімге еңгізілген салымшылардан қабылданады:

1. мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;
2. толық емес отбасылар;
3. көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар.

Жүйе үміткерлердің тізімін есептелген сыйақы мөлшеріне қарай орналастырады. Өтініш беру кезінде клиент бірнеше депозиттерді таңдай алады, салымшының жарналары жинақталады.
Ең жоғары сыйақы мөлшері бар үміткерге пәтер брондауы тағайындалады.
Бір пәтерге өтініштердің саны шектеусіз.

Пулға өтініш беру Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсында жүзеге асырылады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді баспана» бөлімінен және/немесе Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсынан толығырақ танысып, көруге болады.

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру