Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына "«ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу»" бағыты бойынша тұрғын үйлердің пул құрусыз өткізілетіні туралы хабарландыру.

2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына "«ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу»" бағыты бойынша тұрғын үйлердің пул құрусыз өткізілетіні туралы хабарландыру.

8 ноября 2021

Құрметті салымшылар!     

АО "Отбасы банк" (бұдан әрі – Банк) 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша тұрғын үйлердің пул құрусыз өткізілетіні туралы хабарлайды. 

Нысан: "ШҚО, Семей қ. «Карагайлы» тұрғын ауданы көшесінде орналасқан 9 қабатты, 72 пәтерлі тұрғын үйі, №7 позиция, 1654 коды (сыртқы инженерлік желілерсіз)", ШҚО, Семей қ., «Карагайлы» тұрғын ауданы мекенжайы бойынша орналасқан.

Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: наурыз 2021 жыл.
Тұрғын үйдің «таза» әрленгендегі 1 ш.м. бағасы: 160 000 теңге.

Тұрғын үй бірліктерінің саны: 9,
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 8 пәтер, ең жоғарғы ауданы 40,8 ш.м.;
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 1 пәтер, ең жоғарғы ауданы 59,8 ш.м.

Пулды құрусыз Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 09.11.2021 ж. бастап сағат 10:00 - ден 22.11.2021 ж. сағат 19:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша).

Брондау мерзімі: 09.11.2021 ж. бастап сағат 10:00 - ден 22.11.2021 ж. сағат 19:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша).

Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): тұрғын үйді брондаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні.

Өтініштер ЖАО-ның кезек күтушілері болып табылмайтын және табылатын Банк салымшыларынан, "Бақытты отбасы" бағытының келесі санаттар бойынша қабылданады:

1. мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;
2. көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
3. толық емес отбасылар.

Өтініш беру Банктің Otbasybank.kz интернет ресурсында жүзеге асырылады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді баспана» бөлімінен және/немесе Банктің Otbasybank.kz интернет-ресурсынан толығырақ танысып, көруге болады.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру