Құрметті, салымшы!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) «Шаңырақ» бағыты бойынша 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына қатысуға арналған өтініштерді қабылдайтыны туралы хабарлайды.
Нысан: «Кіріктірілген үй-жайлары мен автотұрақтары бар көпфункционалды тұрғын үй кешені, 1200 орындық мектептер, балабақша: Нұр-Сұлтан, Алматы ауданы, A102, А105, А108, А129, А130 (жоба атауы) көшелерінің қиылысында орналасқан. (Нүкте-7,8) Квартал-1» Нұр-Сұлтан қ., Алматы ауданы, A102, А105, А108, А129, А130 көшелерінің қиылысында орналасқан. Нысан коды 1756.
Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің baspana.kz интернет-ресурсында беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етуі мүмкін.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады
Заем беру Өтініш берушінің жинақ шотында қарыз сомасының кем дегенде 10%-ы көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы бар болған кезде мүмкін болады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің baspana.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде толығырақ танысуға болады.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, Банктің Байланыс-орталығына 300 (ұялы телефоннан тегін) нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!