Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыттары бойынша тұрғын үйлердің пул құрусыз өткізілетіні туралы хабарландыру

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыттары бойынша тұрғын үйлердің пул құрусыз өткізілетіні туралы хабарландыру

24 февраля 2021

Құрметті салымшылар!      

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) тұрғын үйлерді Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының «ЖАО Әлеуметтік несиелік тұрғын үйді жүзеге асыру» бағыты бойынша пул қалыптастырусыз өткізетіні туралы хабарлайды.

Нысан: Шымкент қаласы, Каратау ауданы, Тұран м/а, мекенжайында орналасқан «Шымкент қаласы,Тұран шағынауданы 16 қабатты тұрғын үй салу (4 үй),(1-2 кезек) (сыртқы инженерлік желілерсіз)» код 1570. 

Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: аяқталған.
Тұрғын үйдің «таза» әрленгендегі 1 ш.м. бағасы: 180 000 теңге.

Тұрғын үй бірліктерінің саны: 164 пәтер,
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 106 пәтер, ең үлкен аумағы 32.98 ш.м.;
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 44 пәтер, ең үлкен аумағы 61.19 ш.м.
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 14 пәтер, ең үлкен аумағы 78.8 ш.м.

Пул құрусыз Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 10.03.2021ж. бастап 10.04.2021ж. дейін.

Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): тұрғын үйді брондаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні.

Өтініш берушінің жинақ шотында пәтер құнының 20% кем емес көлемдегі тұрғын үй құрылыс жинақ сомасы бар болған кезде пулға қатысуға өтініш беру мүмкін болады.

Өтініш беру Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді баспана» бөлімінен және/немесе Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсынан толығырақ танысып, көруге болады.

Өтініштер тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру