Құрметті салымшылар!

3 марта 2021

"Отбасы банкі" АҚ Алматы қаласындағы филиалы (бұдан әрі-Банк) Сізге сенім білдіргеніңізге және тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысқаныңыз үшін өз ризашылығын білдіреді.

21.08.2019 "Aspan city 2" ЖШС-мен жасалған "Өз үйім" бағдарламасынын стандартты шарттарына қосылу туралы өтініш шеңберінде 288 пәтерді сату туралы ынтымақтастықпен Банк тұрғын үй құрылыс объектісін рәсімдеді. Aspan City ТК Алматы обл., Талғар р., Бесағаш а.о, Бесағаш с., 1141, 1142 жер телімі. мекен-жайында орналасқан (3-5 ноқат екінші іске қосу кешені) (бұдан әрі-Объект). Объектінің "Қазақстан Тұрғын үй компаниясы" АҚ (бұдан әрі – ҚТК) тұрғын үй құрылысына кепілдігі бар.

Өтінім бойынша, сондай-ақ 02.08.2019 "Aspan city 2" ЖШС және ҚТК арасында жасалған.№ДПГ-19-02-011/019 (бұдан әрі-кепілдік шарты) кепілдік беру туралы шарт негізінде осы объектінің пайдалануға берілетін күні 20.06.2020.

Пайдалануға беру мерзімдері екі рет ұзартылды - кепілдік шартына 08.06.2020 №2 қосымша келісім бойынша пайдалануға берілетін күні 15.11.2020 дейін, сондай-ақ кепілдік шартына 13.11.2020 №3 қосымша келісім бойынша пайдалануға берілетін күні 15.02.2021 дейін ұзартылды.

11.02.2021 Объектіні қарау нәтижелері бойынша:

4-ші ноқат бойынша құрылыс аяқталды, пәтерлерде таза әрлеу, аумақты абаттандыру бар, электрмен жабдықтау жұмыстары жасалған жоқ.

5-ші ноқат бойынша ғимараттың қасбеттін жөндеу жұмыстары аяқталды, пәтерлерде таза әрлеу жұмыстары жүргізілуде, инженерлік желілер, сондай-ақ аумақты абаттандыру жұмыстары жасалмаған.

3-ші ноқат бойынша ғимараттың қасбеттін жөндеу жұмыстары, терезе блоктарын орнату жұмыстары жүргізілуде, инженерлік желілер, сондай-ақ аумақты абаттандыру жұмыстары жасалмаған.

Кепілдік шартына 13.02.2021 №4 жасалған қосымша келісім негізінде "Aspan City 2" ЖШС-нен келіп түскен ақпаратқа сәйкес Банк Сізге объектінің құрылысын аяқтау мерзімі 15.05.2021 дейін ауыстырылатынын хабарлайды.

Қазіргі уақытта "Aspan City 2" ЖШС құрылыс барысын жеделдету және объектіні пайдалануға беру бойынша барлық ықтимал шараларды қабылдауда.

Алдағы ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа сенім білдіреміз!

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру