Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қостанай қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қосымша байқау туралы

Қостанай қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қосымша байқау туралы

10 апреля 2018
Құрметті салымшылар!

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының Бағдарламасының «Тұрғын үй құрылыс жинақтар жүйесі арқылы несиелік үйлердің құрылысы» бағыты бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Нысан: Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Аэропорт шағын ауданы, үй № 6, № 9, № 10 мекенжайы бойынша орналасқан «№ 6, № 11, № 12 тұрғын үйлердің құрылысы», нысан коды 281.
Құрылыстың аяқталған мерзімі: 2017 жылғы 28 қыркүйек.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрленгенде 152 769,27 теңге.
Тұрғын үй бірліктерінің саны: 86,
Пәтер түрі 1, бір бөлмелі: 40 пәтер, ең жоғарғы ауданы – 45,56 ш. м.
Пәтер түрі 2, бір бөлмелі, 3 пәтер, ең жоғарғы ауданы – 54,31 ш. м.
Пәтер түрі 3, екі бөлмелі, 10 пәтер, ең жоғарғы ауданы – 57,27 ш. м.
Пәтер түрі 4, үш бөлмелі: 33 пәтер, ең жоғарғы ауданы – 83,52 ш. м.
«Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 2018 жылғы 11 сәуірден бастап 10 мамырға дейін.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 11.05.2018 ж.
Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz, baspana.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/«Интернет-банкте» беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz, baspana.kz интернет ресурсында «Қолжетімді баспана» бөлімінде егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz, baspana.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу үшін құжаттар тізімі (төлемқабілеттілігін бағалау) Банктің www.hcsbk.kz, baspana.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру