Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Астана қ. «Өз үйім» бағдарламасы бойынша тұрғын үй нысанына дауыс беру туралы

Астана қ. «Өз үйім» бағдарламасы бойынша тұрғын үй нысанына дауыс беру туралы

18 апреля 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Өз үйім» бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысуға өтініш қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы нысандарына дауыс беру туралы хабарлайды.

Нысан: Астана қаласы, Алматы ауданы, Оңтүстік –Шығыс тұрғын ауданы (оң жақ жағалауы) Қордай мен Тайқазан көшелерінің қиылысы, 85 учаскіде орналасқан тұрғызылған үй-жайлары мен көлік тұрақтары бар көппәтерлі тұрғын үй кешені.

Тапсырыс берушінің/Құрылыс салушының (ЕДБ) атауы: «AKAN Engineering» ЖШС
Құрылыстың болжалды аяқталу мерзімі: тамыз 2018 жыл.
Салымшылар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу арқылы тұрғын үйді сатып алады. Құрылыс кезеңінде Банк салымшыларға кредит береді және тікелей сатып алушыларға қызмет көрсетеді. Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының кепілдігін алған соң, Тапсырыс беруші Нысан құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастырады, қордың негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кепілдікті жағдай болған кезде құрылысты аяқтау болып табылады.
Тұрғын үйдің (Нысандағы үлес) 1 шаршы м. құны: 239 900 теңге
Жайлылық сыныбы: 4 класс
Пәтер саны: (Нысандағы үлес) 50 пәтер, соның ішінде:
Пәтер түрі (Нысандағы үлес) 1-бөлм.: 39 пәтер,
Пәтер түрі (Нысандағы үлес) 2-бөлм.: 9 пәтер,
Пәтер түрі (Нысандағы үлес) 3-бөлм.: 2 пәтер

«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 19.04.2018 жылдан бастап 29.04.208 жылға дейін.
Балл есептелетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 02.05.2018 жыл.
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге жинағы болуы тиіс.
Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдалған пәтер (Нысандағы үлес) құнының кемінде 30%-ы көлемінде тұрғын үй құрылыс жинағы болғанда алдын ала тұрғын үй заемын алуға өтініш беру мүмкін болады.
Бағдарламаға қатысуға өтініш бере отырып, Банк Салымшылары Нысандағы пәтерлерді (Нысандағы үлес) Банк салымшыларына өткізуге дауыс береді. Өтініш қабылдау аяқталған күні Банктің ішкі құжаттарына сәйкес Үміткерлердің/Резервистердің қажетті саны жеткіліксіз болған жағдайда, онда Нысанға қажетті дауыс беру саны жиналмаған деп есептелініп, Бағдарламаға қатысуға берілген өтініштердің күші автоматты түрде жойылады.
Банктің интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет банкте» өтініш беруге болады: www.hcsbk.kz. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің фото-суреттерімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында танысуға болады.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.


Аталған Нысан туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша: www.altin-uya.kz








Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру