Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Балқаш қаласындағы нысан бойынша іріктеуден өту қажеттілігі туралы

Балқаш қаласындағы нысан бойынша іріктеуден өту қажеттілігі туралы

7 сентября 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) нысан құрылысының аяқталғанына байланысты Іріктеуден өту қажеттілігі (төлем қабілеттілігін бағалау) туралы хабарлайды.
Нысан: Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, 10 ықшам аудан, 21 үй мекенжайында орналасқан тұрғын үй, нысан коды 1141.
Тұрғын үйдің 1 шаршы м. құны: «таза» әрлеуде 90 000 теңге.
Пәтер саны: 45
Пәтер түрі 1А: 15 пәтер, ең үлкен ауданы 38,09 ш.м.
Пәтер түрі 2А: 15 пәтер, ең үлкен ауданы 63 ш.м.
Пәтер түрі 3А: 15 пәтер, ең үлкен ауданы 78,1 ш.м.

Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: 10.09.2018 ж. бастап 06.10.2018 ж. дейінгі күнді қоса алғанда
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 10.09.2018 ж. бастап 14.10.2018 ж. дейінгі күнді қоса алғанда
Тұрғын үйді бөлу күні: 15.10.2018 ж.
Тұрғын үйді бөлу тәртібі, іріктеуге (төлем қабілеттілігін бағалау) құжаттар тізімі, сондай-ақ ғимарат қасбетінің фото-суреттерімен және пәтерлердің/жеке тұрғын үйлердің жоспарымен Банктің www.hcsbk.kz және/немесе www.baspana.kz интернет-ресурсында танысуға болады.
Іріктеу мерзімі аяқталғаннан кейін Банк Іріктеуге арналған құжаттарды қабылдамайды.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру