Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Алматы қаласындағы Банк филиалы халықаралық балалар қорғау күніне орай бүлдіршіндерге арналған сурет байқауын ұйымдастырды.

Алматы қаласындағы Банк филиалы халықаралық балалар қорғау күніне орай бүлдіршіндерге арналған сурет байқауын ұйымдастырды.

7 маусым 2016
1 маусым халықаралық балалар қорғау күні мейрамы Алматы қаласының әр бұрышында өткізілді, бірақ қаланың басты мерекелік шарасы орталық демалыс паркінде өтті. Балалар арасында «Үй үшін қаражат жинақтау», «отау құндылығы» түсінігін қалыптастыру мақсатында Алматы қаласының Банк филиалы кезекті рет «Менің арманымдағы үй» атты тақырыбында бүлдіршіндерге арналған сурет байқауын ұйымдастырды, 1-бөлімі гипстен жасалған үй пішінін бояу байқауы, 2-бөлімі қағазға сурет салу. Балалар өз арманындағы үйлерін қағазға түсіріп, сұр үй пішінін кемпіркосақтың барлық сүйікті түстеріне бояп қуанышқа бөленді. Байқауға қатысушыларға көтермелеу сыйлықтар сыйланып, естелік грамоталармен марапатталды. Оған қоса шара барысында балалар ата-аналары тұрғын үй құрылыс жинақ жүйсесі жайында толыққанды кеңес алды.