Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Голосование

Дауыс беру


ДОСТАР!

«ЖАСЫЛ МЕКЕН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНДЕРІ ҮШІН ДАУЫС БЕРУ АЯҚТАЛДЫ,
НӘТИЖЕЛЕРДІ ЖАРИЯЛАП ОТЫРМЫЗ

Қала Жеңімпаз Дауыс саны
Астана Кенен Әзірбаев және А-98 көшелерінің қиылысында орналасқан КТҮ 3846
Алматы Алатау ауданы, Саялы ықш.ауд., № 107, 115, 117 үйлер 203
Ақтау Аққу-2 тұрғын үй кешені 316
Ақтөбе Қарғалы а.о., Қарғалы а., Қарғалы т.ү.м., № 1К, 2К, 14К, 15К үйлер 115
Атырау Тұлпар-2 тұрғын үй кешені 342
Қарағанды Қазыбек би ауданы, Шахтерлер д-лы, № 60 үй 413
Көкшетау 1-ықш.ауд., 11/1-үй 210
Қостанай Аэропорт ықш-ауд., 13-үй 181
Қызылорда Сұлтан Бейбарыс к-дегі тұрғын үй кешені 127
Павлодар Жаяу Мұса к-сі, 7 1402
Петропавл Гастелло к-сі, 36-үй 2106
Семей Мелькомбинат к-сі, 1Б 384
Талдықорған 7 ықш. ауд., № 18,19,21-үйлер 15
Тараз «Арай 2» ықшам ауданы 20
Орал Мөңкеұлы к-сі, 83 469
Өскемен І.Есенберлин к-сі, 10/2 823
Шымкент Төлеметов к-сі, 69/21, 69/13, 69/16-үйлер 17

Біздің акцияға 30 мыңға жуық Қазақстан тұрғыны қатысты! Өзінің және туыстары мен достарының ауласын жақсарту үшін дауыс берген жандарға үлкен алғысымызды білдіреміз!


Біз дауыс беру барысында барлық ереженің сақталуын мұқият қадағалап отырдық.


Өкінішке қарай, Астана қаласындағы тұрғын үй кешендері бойынша дауыс беру нәтижесін қабылдай алмаймыз, себебі нысандардың бірі бойынша Қазақстаннан басқа елдерден, оның ішінде алыс шетелдерден көптеп дауыс берілгенін (осы кешен бойынша қабылданған дауыстың 40%-дан астамы) байқадық.

Осыған байланысты әділдік ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан азаматтарының өміріне қатысты шешімдерді Қазақстан азаматтары қабылдау керектігін ескеріп, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қиынға соғатын, бірақ жалғыз дұрыс жол болатын шешімді қабылдады: Астана қаласы бойынша ДАУЫС БЕРУ ҚАЙТА ЖАРИЯЛАНАДЫ. Біз әділ және дұрыс таңдаудың, барлығында бірдей тең мүмкіндіктің болғанын қалаймыз!


Сіздерден кешірім сұрай отырып, 24 сәуірден 2 мамырға дейін тек Астанадағы тұрғын үй кешендері бойынша тағы бір рет дауыс беруді өтінеміз. Басқа аймақтарда дауыс беру әділ және тура өтті, олар бойынша дауыс беру қызметі тоқтатылды.


Аймақты таңдаңыз:
ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Суреттегі кодты енгізіңіз