«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

"Өз үйім" бағдарламасы

"ӨЗ ҮЙІМ" БАҒДАРЛАМАСЫ


«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның «Өз үйім» бағдарламасы - Банк салымшыларын қол жетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында әзірленген. Банк клиенттері өз еркімен құрылыс салушыны және ашық дауыс беру арқылы тұрғын үй жобасын таңдай алуы  бағдарламаның бірегейлігі болып табылады.


Бағдарламаға кімдер қатыса алады?

Бағдарламаға «Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш берген сәтте Банктегі жинақ шотында тұрғын үй құрылыс жинақтары түріндегі кем дегенде 500 000 (бес жүз мың) теңге міндетті жинақтары бар Банктің барлық салымшылары қатыса алады.   

Бағдарламаның ерекшеліктері:

-     салымшыларға Астана және Алматы қалалары бойынша сатып алынған жылжымайтын мүліктің тіркелген жері бойынша міндетті екі жылдық тіркеуге байланысты талаптардың жоқтығы;

-          тұрғын үй сатып алу кезінде өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде қандай да бір жеке меншік үйдің болмауы бойынша талаптардың жоқтығы;

-          салымшылар құрылыс нысанын таңдау кезінде дауыс беру арқылы тікелей қатыса алады;

-          салымшылар үлестік қатысу тарлы шарт жасау арқылы салынған және салынып жатқан нысанда бастапқы нарықта жылжымайтын мүлік сатып ала алады.

 Бағдарлама аясында кредиттеу талаптары:

Кредит бойынша пайыздық мөлшерлеме заем түріне және өтініш беруші – қатысушының төлем қабілеттілігін анықтау сәтінде Банктің жинақ шотында тұрғын үй құрылыс жинақтары түріндегі жинақтар деңгейіне байланысты:

·         сатып алынатын жылжымайтын мүлік құнының 30%-ын жинаған жағдайда алдын ала заемдар (Банкте бос қаражаттар бар болған жағдайда) – 9,5%;

·         сатып алынатын жылжымайтын мүлік құнының 50%-ын жинаған жағдайда аралық заемдар  – 7,5%-дан 8,5%-ға дейін.

Тұрғын үй заемдары ең аз дегенде 3 жыл ішінде 50% жинақтаған және сатып алынатын жылжымайтын мүлік құнынан жоғары және Бағалау көрсеткішінің қажетті мөлшеріне жеткен жағдайда – 3,5%-дан 5%-ға дейін.  

Кредиттеудің мерзімдері: 

Кредиттеудің максималды мерзімі 25 жыл, таңдап алынған заем түріне байланысты.

Өтініш беруші – қатысушыға бағдарламаға қатысу үшін не қажет:

·         Банктің www.hcsbk.kz сайтындағы Жеке кабинетте тіркелу;

·         тиісті бөлімде «Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтінім беру;

·         ұсынылған Құрылыс нысаны үшін  дауыс беруге қатысу;

·         төлем қабілеттілігін анықтау (іріктеу) рәсімінен өту;

·         тұрғын үй бөлу нәтижелерімен танысу;

·         тұрғын үйді брондау рәсімінен өту (Құрылыс салушы талап еткен жағдайда);

·         кредит ресімдеуге және тұрғын үй сатып алуға байланысты рәсімдерден өту.