Жинақ күні
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Барлығы үшін

Бағдарламаның бұл түріне жаңа шаңырақ көтерген жас отбасылар кіреді. Мемлекет бағдарламасы жас жұбайларға кейіннен сатып алуға болатын тұрғын үйді жалдаудың қолайлы нұсқасын таңдауға көмектеседі, ал біздің Банк қаражат жинақтап, тұрғын үй кредитін алу үшін ұтымды талаптар ұсынады. 


Егер:

• Сіздің және жұбайыңыздың жасы 29-ға толмаса

• Сіз 2 және одан көп жыл некеде тұрсаңыз,

• Өтінім берген қалада тіркеуде тұрсаңыз,

• Қазақстан азаматы (немесе оралман) болсаңыз,

• Меншігіңізде тұрғын үй болмаса

• Соңғы бес жылда тұрғын үй жағдайын әдейі нашарлатпасаңыз

• Соңғы алты айда Сіздің отбасыға шаққандағы таза кірісіңіз 4-тен 12-ге дейінгі АЕК (Алматы мен Астанада), 3-тен 12-ге дейінгі АЕК басқа қалаларда) болса, Сіз бағдарламаға қатыса аласыз.



Жайлылық деңгейі

3 сынып

1 шаршы метр құны (таза әрлеу)

• Алматы және Астана қ. – 142,5 мың тг.

• Атырау, Өскемен және Ақтау қ. – 120 мың тг.

• Қалған қалаларда – 80 мың тг.


4 сынып

1 шаршы метр құны (таза әрлеу)

• Алматы және Астана қ. – 120 мың тг.

• Атырау, Өскемен және Ақтау қ. – 100 мың тг.

• Қалған қалаларда – 80 мың тг.