Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Бағдарлама туралы толығырақ

«НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ



«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922  қаулысымен бекітілген (әрі қарай - Бағдарлама).

  Бұл Бағдарламаны іске асыру үшін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қазақстандықтарға тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі аясында қол жетімді мөлшерлеме бойынша тұрғын үй сатып алудың бірегей мүмкіндігін ұсына отырып, қаржы операторы ретінде қатысады.  



Бағдарламаға кімдер қатыса алады?

Бұл бағдарламаға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй сатып алу кезегінде тұрған азаматтар қатыса алады (әрі қарай – кезекте тұрғандар).

Бағдарламаға қатысу үшін не қажет?

Бағдарламаға қатысу үшін өтініш беруші – қатысушы, соның ішінде, жергілікті органда кезекте тұрғандар Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шартының болуы немесе ашуы қажет.  



Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары  «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында үш бағыт бойыша тұрғын үй сатып алуларына болады:


1.      Облыс әкімдіктері арқылы кредиттік тұрғын үй

·         ҚТҚЖБ-да тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт жасау

·         ҚТҚЖБ сайтында Бағдарламаға қатысуға өтініш беру

·         Тұрғын үй сатып алуға заемды ресімдеу мүмкіндігі үшін кем дегенде ҚТҚЖБ-дағы шотта тұрғын үй құнының 30%-ы болуы

·         Салымшының төлем қабілеттілігін ҚТҚЖБ-ның тексеруі

·         Салымшының әкімдікпен сатып алу-сату шартын жасау

·          Тұрғын үй сатып алу үшін ҚТҚЖБ-дан заем алу

Ерекшеліктері:

·         1 ш.м*. үшін баға:
- Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларында -180 мың теңгеге дейін;
- басқа аймақтарда - 140 мың теңгеге дейін.

·         Кредит бойынша мөлшерлеме – жылдық 5% (ЖТСМ – жылдық 5,2%);

·         Тұрғын үй ауданы – 80 шаршы метрден көп емес;

·         50%-дан кем емес тұрғын әкімдікте кезекте тұрғандар арасында үйді бөлу;

·         Әрленуі – таза
*инженерлік желілер құнынсыз бағасы

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

·            Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе оралман мәртебесі;

·       ҚТҚЖБ-ның  ішкі құжаттарымен қарастырылған тәртіпте төлем қабілеттілігін растау;

·       өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасының аумағында жеке меншік үйінің болмауы;

·       өтініш берушінің   және оның  отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылдың ішінде тұрғын үй жағдайын әдейі нашарлату және  тұрғын үйінен айыру дерегінің болмауы.

·       Астана және Алматы қалаларында кредиттік тұрғын үй сатып алудан үміткер азаматтарда тұрғылықты мекенжайы бойынша кем дегенде соңғы 2 (екі) жыл бойы көрсетілген қалаларда тұрақты тіркеуі болуы қажет 



2. Жеке құрылыс салушылар арқылы тұрғын үй сатып алу

·    ҚТҚЖБ-да тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт жасау

·         ҚТҚЖБ сайтында өтініш беру

·         ҚТҚЖБ шотында:

- Тұрғын үй сатып алуға заемды ресімдеу мүмкіндігі үшін кем дегенде ҚТҚЖБ-дағы шотта тұрғын үй құнының 30%-ы болуы (тұрғын үйдің 1 ш.метр бағасының «Өз үйім» бағдарламасының 1 баға ауқымымен сәйкес келген жағдайда);

- Тұрғын үй сатып алуға заемды ресімдеу мүмкіндігі үшін кем дегенде ҚТҚЖБ-дағы шотта тұрғын үй құнының 50%-ы болуы (тұрғын үйдің 1 ш.метр бағасының «Өз үйім» бағдарламасының 2 баға ауқымымен сәйкес келген жағдайда);

·         Салымшының төлем қабілеттілігін ҚТҚЖБ-ның тексеруі

·         Құрылыс салушымен сатып алу-сату шартын жасау

·         Тұрғын үй сатып алу үшін ҚТҚЖБ-дан заем алу

Ерекшеліктері:

·          1 ш.м*. үшін баға:
•  Астана, Алматы қалаларында және қала маңындағы аймақтарда - 260 мың теңгеге дейін;

•      басқа аудандарда - 220 мың теңгеге дейін.

·           Әрленуі – таза

·           «КИК» ИҰ» АҚ арқылы заемдары субсидиялау мүмкіндігі

 

3. Жеке тұрғын үй құрылысы

 

·           ҚТҚЖБ-да тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт жасау

·           Тұрғын үй сатып алуға заемды ресімдеу мүмкіндігі үшін кем дегенде ҚТҚЖБ-дағы шотта тұрғын үй құнының 30%-ы болуы

·           Кезекте тұрғанның жолдама алу үшін әкімдікке келуі

·           ҚТҚЖБ-ға өтінім беру

·           Салымшының төлем қабілеттілігін ҚТҚЖБ-ның тексеруі

·           Инженерлік коммуникациясы жүргізілген жер телімдерінде әкімдіктің жеке тұрғын үй құрылысын ұйымдастыруы

·           Әкімдікпен сатып алу-сату шартын жасау

·           Кезекте тұрушы тұрғын үй сатып алу үшін ҚТҚЖБ-дан заем алу 

Ерекшеліктері:

  • Салымшы – жер телімін алуға әкімдікте кезекте тұрушы

·           1 ш.м. үшін баға - 120 мың теңгеге дейін  (инженерлік желінің құнынсыз). Тұрғызылған үйді іске асыру кезінде жалпы құнына инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылымдарға шығындар қосылады.

·           «КИК» ИҰ» АҚ арқылы кезекте тұрғандарды, заемдары субсидиялау мүмкіндігі:

•      Астана және Алматы қалаларында  20 млн. теңгеге дейін;

•       Басқа аймақтарда - 15 млн. теңгеге дейін;

·         Қаржыландыру мерзімі – 60 айға дейін;

·         Кредит бойынша мөлшерлеме – жылдық 12% (ЖТСМ – жылдық 12,6%), субсидияның кредит бойынша мөлшерлемесінен жылдық 7%-на дейін, заемшы үшін субсидиялаудан кейін кредит бойынша мөлшерлеме - жылдық 5%-дан бастап. 

Өтініш берушілерге қойылатын талаптар:

·         ЖАО –да жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға кезекте тұру керек.

«Бұрын қабылданған мемлекеттік және үкімет бағдарламалары аясында тұрғын үй құрылысының бағыттарын  «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ –ның қатысуымен  іске асыру» бағыты бойынша, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасымен және «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы» бағыты бойынша:

1. ЖАО-да кезекте тұрғандар, жас отбасылар үшін жалдамалы тұрғын үй;

2. "Бәйтерек девелопмент" АҚ-ның кредиттік тұрғын үйлері.

Суреттегі кодты енгізіңіз