Мобильді қосымша

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен байланысты үзбей, жаңалықтан хабардар болыңыз!

«ТҚЖБ24 Жаңа» аталмыш мобильдік қосымшасы сізге келесі мүмкіндіктерді береді:
Автотөлемді күйге келтіру. Сізге депозитті толықтыру немесе кредитті өтеу үшін ақшаны қолмен банктік карта арқылы аудару қажет емес. Қосымша көмегімен жылына бір рет төлем картасынан ақшаның автоматты есептен шығарылуын күйге келтіру жеткілікті. Бұл ТҚЖБ-дағы шотыңыз үшін ыңғайлы.
Өз шоттарыңыз бойынша ақпаратпен танысу: жинақтаулар сомасы, заемды өтеу кестесі, бк мәні, мемлекеттік сыйлықақыны есептеу, банктің есептелген сыйақысы.
Онлайн режимде бөлімшедегі кезекті броньдау.
Кредит/депозит бойынша үзіндіні алу. Түпнұсқалыққа тексеру функциясы бар.
Балалар депозиті бойынша ақпаратты көру.
Арнайы шоттар бойынша ақпаратты көру.
Банк жаңалықтарын білу.
Филиалдардың мекенжайларын, банктің байланыс телефондарын көру.
Анықтама қажет пе? Оны тікелей телефоннан алыңыз!
Жаңа мобильді қосымша шоттың бар-жоқтығы туралы, несие берешегінің жоқтығы/қалдығы туралы анықтаманы алуға мүмкіндік береді. Түпнұсқалыққа тексеру функциясы бар.
Сондай-ақ, біз мобильді қосымшадағы авторландыруды толықтырдық және оған «пасс-код» әрі «саусақ ізі» функциясын қостық. ios нұсқасында Face-ID авторландыру қол жетімді болады.
«ТҚЖБ24 Жаңа» қосымшасын Android-ы бар құрылғы иелеріне Play Маркет-тен жүктеуге болады. Ал жаңа қосымша iOS жүйесі бар құрылғы иелері үшін таяу арада қол жетімді болады.