Салықтық жеңілдіктер

Егер сіз кредитті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен алсаңыз, онда сіздің салықты азырақ төлеуге құқығыңыз бар!

Ол үшін өз жұмыс берушіңе төмендегі құжаттарды ұсыну қажет.

1. ҚТҚЖБ-мен банктік заем шартының көшірмесін
2. Өтеу кестесінің көшірмесін
3. Өтеуді растайтын құжатты (төлем туралы чек немесе түбіртек, немесе Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен үзінді көшірме)
Бұл жағдайда, Салық кодексінің 349 бабына сәйкес, кредит бойынша пайыздарды өтеу сомасына тең Сіздің жалақыңыздың сомасына жеке табыс салығы (ЖТС) салынбайды.
Егер сіз осы жеңілдіктер жөнінде білмесеңіз және олардың қолданылуына қатысты өтініш табыстамасаңыз, уайымдамаңыз. Өтініште заемды өтеген, бірақ та жеңілдіктер қолданылмаған кезеңді (бірақ тек соңғы екі жыл аралығында) көрсетіңіз. Осы жағдайда сіздің жұмыс берушіңіз қайта есептеуді жүргізіп, сізге айырманы қайтаруға міндетті.

Мысалы, сіздің жалақыңыз 120 000 теңгені құрайды.
Салық сомасын есептейік:

ЖТС = (Жалақы – зейнетақы аударымдары (10%)
- ҚР-дағы ең төменгі жалақы мөлшері) * 10%
ЖТС=(120 000 - 12 000 - 42 500) * 10% = 6 550 теңге
Сіз қолыңызға 101 450 теңгені аласыз

Енді ҚТҚЖБ-дағы кредитті ескере отырып, яғни сіз ай сайын 21 000 теңге банк сыйақысын төлеп тұрасыз деген шарт бойынша ЖТС-ны есептейік.

ҚТҚЖБ клиенттері үшін 10% мөлшеріндегі ЖТС көлемі = (Жалақы – зейнетақы аударымдары (10%) – ҚР-дағы жалақының ең төменгі мөлшері – ТҚЖБ-дегі өтеу кестесі бойынша сыйақы) * 10% = ҚТҚЖБ клиенттеріне арналған ЖТС.
ЖТС = (120 000 - 12 000 - 42 500 - 21 000)*10% = 4 450 теңге
Қолыңызға алатыныңыз 103 550 теңге
Айырмасы = 103 550 - 101 450 = 2 100 теңге ай сайын.

Демек, сіз бұл жағдайда қолыңызға ай сайын 2 100 теңге артық аласыз. Бір жылда үнемделген сома 25 200 теңгені құрайды, ал заемды бүкіл мерзім ішінде өтесеңіз, мысалы, ол жеті жылда – 176 400 теңгені құрайды. Осы ақшамен үйіңізге жаңа тоңазытқыш немесе кір жуу машинасын сатып алуға болады! Немесе ақшаны Балалар депозитіне сала аласыз!

Бұл жеңілдік аралық заемды алғандар үшін өте тиімді. Себпебі, алғашқы 3-5 жылда негізгі қарыз сомасынсыз заемның түріне қарай оның тек сыйақысын өтейсіз. Және сіз сыйақы сомасын 10%-ға төмендете аласыз.