Екінші депозит

  • Сіз ТҚЖ-ның бір cалымымен ғана шектелмей, өзіңізге қанша депозит қажет етсеңіз, соның барлығын аласыз.
  • Жеке тұлғада екі және одан көп депозит болған жағдайда мемлекеттің сыйлықақысы депозиттердің біреуі бойынша ғана есептеледі.
  • Сіздің әрбір депозитіңізге алғашқы депозит есебіндегідей пайыздық мөлшерлемемен Банк сыйақысы есептелетін болады.
Екінші депозитті қалай ашу керек?

Сіз екінші депозитті екі тәсілмен аша аласыз:

Қашықтықтан «ТҚЖБ 24» интернет-банкингі арқылы; Ол үшін, алдымен, интернет-банкингте тіркеуден өту қажет. Әрі қарай пәрмендердің сол жағындағы «салымды ашу» опциясын таңдап, жинақтау мерзімін көрсетесіз және смс коды бар өтінімге қол қоясыз. Содан соң барып сіздің Жеке кабинетіңізде жаңа депозит көрсетіледі.
Банктің кез келген бөлімшесі арқылы; Ол үшін, бар болғаны, өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы тиіс.

Сіз сондай-ақ өзіңізде бар депозитті бірнеше бөліктерге бөле аласыз.
Бұл жағдайда депозит:

  • Банктің сыйақысы және мемлекеттің сыйлықақысы бөлінген салым үлестеріне қарай пропорционал бөлінеді.
  • Жинақталған сома (салым, сыйақы, мемелекеттің сыйлықақысы) бойынша бөлінбейтін қалдық ТҚЖ-ның Базалық шотында сақталады.

Депозитті бөлу төмендегі жағдайларда жүзеге асады:

мұрагерлік құқықтар туындаған кезде;
заңдық күшіне енген сот шешімі бойынша
кредиттік өтінімнің заем сомасын азайту кезінде
бөлу күнінде жаңа ТҚЖ шарттарының міндетті біреуін бұзу талабында
бөлуді жүзеге асыру күнінде жаңалардың біреуі бойынша тұрғын үй заемын алу жөніндегі кредиттік өтінімді беру талабында

3, 4, 5 тармақтары бойынша келесі талаптарды сақтау керек:

  • салымды бөлу құқығы бір Салымшыға беріледі (жылына бір реттен көп емес);
  • бөлу нәтижесінде әрбір салымның шарттық сомасы 500 АЕК-тен кем болмауы тиіс;
  • мемлекеттің сыйлықақысы бөлінген салымдар негізінде тепе-тең бөлінеді, бағалау көрсеткіші бөлінген салымдар үшін жеке-жеке есептеледі;
  • бөлу - 50 (елу) АЕК сомасындағы жинақтаулардың ең аз мөлшері шотта бар болған кезде жүзеге асырылады.