Все об уступке депозита несовершеннолетних

Кәмелет жасқа толмағандардың депозиттерін табыстау туралы

Кәмелет жасқа толмаған Қазақстан азаматының жинағын қауіпсіздендіру үшін, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінде балалар депозиттеріне жасалатын әрекеттерге бірқатар шектеулер қарастырылған.

Сол себепті, егер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде Сіздің балаңыздың
атына депозит ашылған болса, Сіз төмендегілерді білуіңіз қажет.

МАҢЫЗДЫ!
Сізге депозитті табыстаған жағдайда, депозит берілетін тұлғаның сенімхаты бойынша қызмет көрсетілмейді.
Егер баланың жасы 0-ден 14 жасқа дейін болса (30 күнді қосқанда):

Депозитті ата-анаға, әжелерге, аталарға, ағаларға, әпкелерге, ата-ананың бауырларына табыстауға болмайды.

Салымды табыстауға болатын тұлғалар:

  1. 18 жасқа толған жиен іні, жиен қарындас (туған ағасының және қарындасының балалары);
  2. 18 жасқа толған немере аға және қарындас (ата-ананың ағалары мен әпкелерінің балалары);
  3. немере ата және әже (ата мен әженің бірге туған және бірге тумаған ағалары мен қарындастары).

Необходимо:

  • салымды табыстауға ата-ананың бірі, баласы және туысының қатысуы
  • ата-ананың екеуінің де жеке куәлігі
  • баланың ЖСН-і көрсетілген туу туралы куәлігі
  • қамқорлық және қорғаншылық органдардың келісімі
  • депозитті табыстауға қатысушылардың барлығының туу туралы куәлігі
Депозитті табыстауға қатысатын барлық қатысушылардың аты-жөнінің дұрыс жазылуына көз жеткізу қажет. Аты-жөні өзгерген жағдайда, аты-жөнінің өзгертілгенін растайтын құжат қажет.

Төмендегі жағдайларда екінші ата-ананың келісімі талап етілмейді:

  • егер баланың туу туралы куәлігінде «әкесі» бағанында сызық көрсетілсе, немесе баланың ата-анасы өзара некеде тұрмаса және әкесі туралы мәлімет анасының өтініші бойынша жазылған болса (туу туралы куәлікте әкесінің тегі анасының тегі бойынша көрсетілсе);
  • ата-ана құқығынан айрылған жағдайда немесе ата-анасының бірі із-түзсіз жоғалған/қайтыс болған деп танылса;
  • ата-ананың бірі қайтыс болса.
Егер баланың жасы 14-тен 16 жасқа дейін болса (30 күнді қосқанда):

Депозитті ата-анаға, әжелерге, аталарға, ағаларға, әпкелерге, ата-ананың бауырларына табыстауға болмайды.

Салымды табыстауға болатын тұлғалар:

  1. 18 жасқа толған жиен іні, жиен қарындас (туған ағасының және қарындасының балалары);
  2. 18 жасқа толған немере аға және қарындас (ата-ананың ағалары мен әпкелерінің балалары);
  3. немере ата және әже (ата мен әженің бірге туған және бірге тумаған ағалары мен қарындастары).

Қажет:

  • салымды табыстауға ата-ананың бірі, бала және туысының қатысуы
  • ата-ананың жеке куәлігі
  • баланың ЖСН-і көрсетілген туу туралы куәлігі
  • баланың келісімі
  • депозитті табыстауға қатысушылардың барлығының туу туралы куәлігі
Депозитті табыстауға қатысатын барлық қатысушылардың аты-жөнінің дұрыс жазылуына көз жеткізу қажет. Аты-жөні өзгерген жағдайда, аты-жөнінің өзгертілгенін растайтын құжат қажет.

Екінші ата-ананың келісімі талап етілмейді.

Егер баланың жасы 16-дан 18 жасқа дейін болса (30 күнді қосқанда):

Депозитті ата-анаға, әжелерге, аталарға, ағаларға, әпкелерге, ата-ананың бауырларына табыстауға болмайды.

Салымды табыстауға болатын тұлғалар:

  1. 18 жасқа толған жиен іні, жиен қарындас (туған ағасының және қарындасының балалары);
  2. 18 жасқа толған немере аға және қарындас (ата-ананың ағалары мен әпкелерінің балалары);
  3. немере ата және әже (ата мен әженің бірге туған және бірге тумаған ағалары мен қарындастары).

Қажет:

  • салымды табыстауға ата-ананың бірі, бала және туысының қатысуы
  • ата-ананың және баланың жеке куәлігі
  • баланың туу туралы куәлігі
  • ата-ананың біреуінің келісімі