Жалпы талап-шарттар


  • Жалпы талап-шарттар


    Онлайн-табыстау – ЖССБ 24 интернет-банкингіндегі жаңа сервис. Ол Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің бір клиенттеріне шарт бұзудың орнына депозитті тиімді жолмен сатып жіберуге, ал екінші клиенттерге салым иесі атанып, тұрғын үй сатып алуға немесе жөндеу жұмыстарына арналған жеңілдетілген заем ресімдеуді жылдамдатуға мүмкіндік береді. Толығырақ мына сілтемеде

    Онлайн-табыстау, яғни депозит сату/сатып алу 5 кезеңнен тұрады:

    1Сатушы депозитін сататыны туралы хабарландыру жариялайды

    2Қызығушылық танытқан клиенттер аталған депозитті сатып алуға өтініш береді

    3Жүйе ең жоғары баға ұсынған сатып алушыны анықтайды

    4Сатып алушы мен сатушы депозитті беру келісім-шартына қол қояды, осыдан соң депозит жаңа иегердің атына аударылады

    5Сатып алушы сатушының шотына ақша аударады

    Біздің роликті көріңіздер

    Білген маңызды:

    Сатып алушы мен сатушыға банкке келудің қажеті жоқ – депозит сатуға/сатып алуға қатысты барлық операциялар https://online.hcsbk.kz сайтындағы ЖССБ 24 интернет-банкингінде жүреді.

    Қандай депозитті сатуға немесе сатып алуға болады?

    • Депозит мерзімі (жинақ мерзімі) – кем дегенде 1 жыл
    • Жинақ мерзіміндегі есептелген сыйақы сомасы – шексіз
    • Бұғатталмаған және/немесе төлем талап-тапсырмасы жоқ депозит

    Депозит сатып алуға/сатуға қатыса алатын тұлғалар:

    • Тек интернет-банкингте тіркелген Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттері
    • 18 жасқа толған азаматтар
    • ҚР резиденттері және азаматтары
    • Жеке кәсіпкерлер тек сатушы ретінде
    • САТА АЛМАЙДЫ:

    • Үлестес тұлғалар 
    • Жеке кәсіпкерлер сатып алушы ретінде
    • Заңды тұлғалар
    • Жеке сот орындаушылары және жеке нотариустар

    Онлайн-табыстау процедурасын жүргізу үшін Банктің алатын комиссиясы депозитте жинақталған соманың 0,5%-ын құрайды немесе кем дегенде 5000 теңге. Комиссияны Сатып алушы төлейді.


  • Депозит сатып алу


    Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен үй сатып алуға немесе жөндеу жұмыстарын жүргізуге жылдық мөлшерлемесі 5% болатын тиімді заем алғыңыз келе ме? Бірақ жинақ ақшаңыз жеткіліксіз немесе заем алу үшін 3 жыл күтіп отыруға уақыт жоқ па? Сіз басқа клиенттен дайын депозит сатып ала аласыз!

    Артықшылықтары:

    Сіз заем алудың шарттарын «орындаған» депозит есебінен тиімді несие ала аласыз

    Уақыт пен ақша үнемдейсіз

    Банкке келудің қажеті жоқ, өтініш беруден бастап ақша аударуға дейінгі барлық процедура онлайн режимде жүреді

    Депозитті қалай сатып алу керек??

    1 Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшысы болмасаңыз, депозит ашу қажет. Ол үшін банк бөлімшесіне келу міндетті емес. Үйге немесе жұмысқа агент шақырып, салымды қашықтан ашуға да болады.

    2Осыдан кейін ЖССБ 24 интернет-банкингіне тіркелу қажет

    3Интернет-банкингте депозит сату туралы хабарландырулар бетіне өтіп, шот таңдау керек.

    4Бұдан соң таңдалған депозит бойынша өзіңіз лайық деп тапқан бағаны көрсетіп, өтініш жіберу керек.

    Әр депозиттің сатылатыны туралы хабарландыру 1-3 күн бойы қолжетімді. Осы уақыт ішінде ұсынылған бағаны көтеруге болады. Бағаны көтерудің әр қадамы – 20 000 теңге.
    Хабарландыру мерзімі аяқталған соң ең жоғары баға ұсынған қатысушы Сатып алушы атанады.

    Сатып алушыға қойылатын талаптар:

    • Сатып алушы «Интернет-банкинг» жүйесінде тіркелген болуы тиіс;
    • Сатып алушы ҚР резиденті және азаматы болуы тиіс;
    • Сатып алушы 18 жасқа толған болуы тиіс.

    МАҢЫЗДЫ:

    Cатылатын депозиттің ең жоғары бағасы сол депозитте жиналған қаражаттың 100%-нан артық бола алмайды. Яғни бір депозитті екі есе қымбат бағадан жоғары сата алмайсыз.


  • Депозит сату


    Жоспарыңыз өзгеріп, үй алу үшін ары қарай біздің банкте ақша жинамаймын деп шешсеңіз, тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісім-шартты бұзуға асықпаңыз! Енді сіз депозиттегі жинағыңызды тиімді жолмен сата аласыз!

    Артықшылықтары

    Депозиттегі ақшаңызды қайтарып қана қоймай, үстінен 100%-ға дейін қосымша табыс көре аласыз

    Уақыт пен ақша үнемдейсіз

    Банкке келудің қажеті жоқ, ақша аударғанға дейінгі барлық процедура онлайн режимде жүреді

    Депозитті қалай сату керек?

    1Онлайн-табыстау сервисін қолдану үшін, ЖССБ 24 интернет-банкингіне тіркелу қажет

    2Жеке кабинетіңізде сатылымға шығарғыңыз келетін депозитті таңдап, оның бастапқы бағасын, яғни сіз сата алатын ең төменгі соманы көрсету керек.

    3Депозит туралы ақпарат, яғни ашылған күні, жинақ сомасы интернет-банкинг қолданушылары үшін жалпы қолжетімді болады.

    4Хабарландыру мерзімін сатушы 1-3 күн аралығында өзі белгілеп, көрсете алады. Осы уақыт ішінде аталған депозит бойынша барлық операциялар бұғатталады.

    5Депозитке ең жоғары баға ұсынған үміткер депозитті Сатып алушы тұлға атанады.

    Сатушыға қойылатын талаптар:

    • Сатушы «Интернет-банкинг» жүйесінде тіркелген болуы тиіс
    • Сатушы ҚР резиденті және азаматы болуы тиіс
    • Сатушы хабарландыру мерзімі аяқталғанға дейін депозитті сатылымнан шығара алмайды
    • Сатушының жасы 18-ден жоғары болуы тиіс

    МАҢЫЗДЫ

    Cатылатын депозиттің ең жоғары бағасы сол депозитте жиналған қаражаттың 100%-нан артық бола алмайды. Яғни бір депозитті екі есе қымбат бағадан жоғары сата алмайсыз.

ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка