Подарочный сертификат

Жақындарыңызға бақыт сыйлаңыз!

Достарыңыз, туыстарыңыз немесе әріптестеріңіздің үйлену тойы, туған күні, отбасылық мерекесі үшін ең пайдалы сыйлық – бастапқы жарна сомасы бар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде депозит ашуға арналған сертификат.

Сертификаттың бағасы сіз сертификатты сыйлайтын адамның депозитіне салынатын
бастапқы жарнаның сомасымен тең.
Сыйлық сертификатының негізгі параметрлері
  • Ең төменгі сома - 5 000 тг
  • Ең жоғарғы сома - шектеусіз
  • Сыйлық сертификаты жарамдылық мерзімі 3 ай*
  • Ақпаратты сәйкестендіру үшін әр сертификаттың өз коды бар
Сертификатты сыйға тартқысы келетіндер үшін:
Сыйлық сертификатын қалай алуға болады?
1. Жақын жерде орналасқан банк бөлімшесіне барыңыз. Қолыңызда жеке куәлігіңіздің бар болуы шарт.
2. Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы келісімшартты жасау үшін өтінішті толтыруыңыз қажет (келісімшартты сертификат сыйға тартылатын тұлғаның аты-жөнін көрсетпестен ашуға болады).
3. Сертификатты алу үшін өтінішті толтырыңыз.
4. Сертификат сомасын кассаға төлеуіңіз керек.
5. Осыдан кейін сыйлық сертификатын алуыңызға болады.
Сертификатты сыйға алғандар үшін:
Сыйлық сертификатын қалай активтендіруге болады?
1. Сертификаттың түрнұсқасын алып, банктің жақын жерде орналасқан бөлімшесіне барыңыз. Қолыңызда жеке куәлігіңіздің бар болуы шарт.
2. Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы келісімшартты өз атыңызға қайта рәсімдеңіз (келісімшарт сыйлық сертификатын сатып алу кезінде сыйға тартушының атына ашылған).
3. Келісімшартты активтендіру кезінде сіз тегін түрде келісімшарт сомасын ұлғайтуға және қаражатты жинақтау мерзімін өзгертуіңізге болады.
4. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ кешенді банк қызметтерін көрсетудің Стандартты талаптарына қосылу үшін өтінішке қол қоюыңыз керек.

* Егер 3 ай ішінде сертификат активтендірілмесе, онда ол автоматты түрде сыйлық ретінде осы сертификатты сатып алған адамның депозиті ретінде қалады.

ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка