Нұрлы жер

қолжетімді, тиімді, сенімді!
  • «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары үшін ең тиімді шарттармен жаңа баспана иесі атанудың тамаша мүмкіндігі.
    • Мөлшерлеме 5%-дан бастап
      несие мөлшерлемесі – 5%-дан бастап
      жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 5,2%-дан бастап
    • Төмен бағалар
      жаңа үйлердегі пәтерлер ең төмен бағамен
    • Жарна –20%-дан бастап
      бастапқы жарна – үй құнының 20%-нан бастап
    • Салынып жатқан нысаннан пәтерді өз бетіңше таңдауға болады. Толығырақ мына жерде
    • Таза әрлеудегі үйлер
    • Бағдарламаға қатысушыларға арналған салық жеңілдіктері. Толығырақ мына жерде
    Біздің банктегі депозитіңізде жеткілікті соманың басы құралса,
    Бағдарлама бойынша таңдап алған үйіңізді бірден сатып ала аласыз
    немесе заем ресімдеуге болады.

    «Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы барлық нысандар туралы ақпарат baspana.kz порталында жарияланады.

    Мұнда сіз салынып жатқан нысандармен танысып, өтінім қабылданып жатқан-жатпағанын анықтап, ұнаған пәтерді таңдап, тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысуға өтінім бере аласыз.

    Бағдарламаға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары, оның ішінде жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар да қатыса алады.
    Ол үшін сізде тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісім-шарт болуы керек немесе оны бекіту қажет.
  • «Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағытының аясында сіз «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан тұрғын үй кешенін өзіңіз таңдай аласыз.

    Барлық нысандарды baspana.kz сайтынан көруге болады.

    1 ш. м бағасы*:

    - 180 мың теңгеге дейін – Астана, Алматы және аталған қалалар маңындағы аймақтар, Атырау, Ақтау;

    - 140 мың теңгеге дейін – басқа аймақтар.

    Тұрғын үй аумағы – 80 ш. м дейін;

    Тұрғын үйдің кем дегенде 50%-ы әкімдік кезегінде тұрған азаматтар арасында бөлістіріледі.


    * Инженерлік желілер құнын қоспағандағы баға
    Үміткерлерге қойылатын талаптар:

    Қазақстан Республикасының азаматы немесе оралман мәртебесіне ие;

    Қазақстан Республикасы аумағында үміткер мен оның отбасы мүшелерінің атында тұрғын үй болмауы керек;

    соңғы 5 жылдың ішінде тұрғын үй жағдайын әдейі нашарлату деректері болмау керек (ХҚКО-да берілген анықтама);

    Астана мен Алматы үшін кем дегенде соңғы 2 (екі) жыл ішінде аталған қалаларда тұрақты тіркеуде тұру керек;

    басқа қалалар үшін - үміткердің тұрғын үй алғысы келетін елді мекенде тұрған мерзіміне қарамастан, сол жерде тұрақты тіркеуінің болуы.

    Сізге не істеу керек:
    • 1. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен депозит ашып, тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісім-шарт бекіту.
    • 2. Baspana.kz сайтында Бағдарламаға қатысу туралы өтінім беру. Барлық өтінімдер пул, яғни ұпай саны бойынша үміткерлер тізімі түрінде түзіледі. Пул мен ұпай есептеу туралы толығырақ мына жерде.
    • 3. Депозитте үй құнының кем дегенде 20%-на тең бастапқы жарнаны жинау немесе бірден құю.
    • 4. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бөлімшесінде өтінім беру және төлем қабілеттілігін тексеруден өту (құжаттар тізімі мына жерде).
    • 5. Әкімдікпен сату-сатып алу келісім-шартын бекіту.
    • 6. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен заем алу.
  • «Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту» бағытының аясында әкімдіктер инженерлік коммуникациялар жүргізілген жер телімдерінде үйлер құрылысын жүргізеді.

    1 ш. м бағасы:

    - 120 мың теңгеге дейін – инженерлік желілерді қоспағанда.

    Заем сомасы – 20 млн теңгеге дейін.

    Несие мөлшерлемесі – жылдығы 5%-дан бастап.

    Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 5,2%-дан бастап.

    Үміткерлерге қойылатын талаптар:

    Әкімдікте жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімін алу үшін кезекте тұру керек.

    Сізге не істеу керек:
    • 1. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен депозит ашып, тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісім-шарт бекіту.
    • 2. Депозитте үй құнының кем дегенде 20%-на тең бастапқы жарнаны жинау немесе бірден құю.
    • 3. Бағыттама алу үшін әкімдікке бару.
    • 4. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бөлімшесінде өтінім беру және төлем қабілеттілігін тексеруден өту (құжаттар тізімі мына жерде).
    • 5. Әкімдікпен сату-сатып алу келісім-шартын бекіту.
    • 6. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен заем алу.