Әскери өнім

Әскери қызметшілер мен арнауы мемлекеттік органдар қызметкерлеріне арналған қолжетімді тұрғын үй
  • Жалпы талап-шарттар

    Тұрғын үй төлемін алушылар тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысу арқылы баспана сатып ала алады.
    Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде (ҚТҚЖБ) арнайы салым ашып, осыдан кейін қажет талаптар орындалған соң жылдық мөлшерлемесі 3,5%-дан 5%-ға дейін аралығындағы несие алу керек.
    Тұрғын үй төлемін алушы үй бағасының 50%-ын жинаған сəтте елдегі ең төмен сыйақы мөлшерлемесі бар тұрғын үй займын алудан үміткер атанады.

    МАҢЫЗДЫ: Тұрғын үй төлемдерін бір уақытта үй жалдауға да, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жинап отыруға да қатар жұмсауға болады.

    Үйді елдің кез келген қаласынан сатып алуға болады.

    Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі Арнайы салымның артықшылықтары

    Мемлекет сыйлықақысы

    Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салым ашқан соң сіз жыл сайын бір жыл ішінде жинаған ақшаңыздың 20%-на тең мемлекет сыйлықақысын аласыз (сыйлықақы салымның 200 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын бөлігіне беріледі). 2018 жылы ең жоғарғы мемлекет сыйлықақысы 96 200 теңгені құрайды.

    Салым бойынша жоғары тиімді мөлшерлеме

    Мемлекет сыйлықақысы мен банк сыйақысын қоса алғанда депозиттегі жиналған ақшаға берілетін тиімді сыйақы мөлшерлемесі 13,3%-ға дейін барады.

    Заем бойынша төмен пайыздық мөлшерлеме

    Тұрғын үй заемдары еліміздегі ең төмен мөлшерлемемен беріледі: жылдық мөлшерлеме 3,5%-дан 5%-ға дейін аралығында, ал жылдық тиімді мөлшерлеме 4%-дан басталады.

    Төлем қабілеттілігін қарастыру жеңілдетілген

    Тұрғын үй займын алу кезіндегі төлем қабілеттілігін растау тəртібі жеңілдетілген.

    Комиссиялық алым – 0 теңге

    Тұрғын үй құрылыс жинағы туралы шарт бекіткеніңіз үшін ақша төлеудің қажеті жоқ.

    Ауыртпалықтан қорғау

    Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі – тұрғын үй төлемін алушының салым шотына түсетін тұрғын үй төлемдерін тыйым салудан жəне ауыртпалық салудан қорғайтын жалғыз банк.

    ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ АРНАЙЫ САЛЫМДАРДЫ ҚОРҒАЙДЫ

    Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі – арнайы салымдары ерекше мəртебе мен қол сұғылмаушылық кепіліне ие жалғыз банк.

    Тұрғын үй төлемдері:

    • бюджет есебіне алынбайды;
    • банктің алдын-ала/аралық заемдарын қоспағанда, кепіл дүниесі бола алмайды;
    • аталған шот иесінің басқа міндеттемелері бойынша тыйым салынбайды;
    • басқа екінші деңгейлі банк қандай да бір берілген несиелер бойынша уақтылы төленбеген берешектер үшін төлем талабын қоя алмайды.
  • Баспана алатын ақшаны қалай жинау керек?

    1-қадам

    Жеке арнайы шот ашу

    Тұрғын үй төлемдері Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен ашылған арнайы шотқа аударылады.
    Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен жеке
    арнайы шот ашу үшін не қажет:
    Тұрғын үйге мұқтаж екендігі туралы статус алу (əлі берілмесе) жəне тұрғын үй төлемдері тағайындалу үшін қызмет өткеру орны бойынша тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына рапорт беру.
    Тұрғын үй комиссиясы қызметкердің өтінімін қарастырады жəне тұрғын үй төлемін алатындығы туралы анықтама береді.
    Мекеме тұрғын үйге мұқтаж қызметкерлердің тізімін жасап, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кеңесшісін шақырады.
    Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өкілі жұмыс орныңызға келіп, тұрғын үй өтемақылары туралы келісім-шарт бекітіп, сізге арнайы шот ашып береді.

    2-қадам

    Арнайы салым ашу

    Тұрғын үй төлемін банк сыйақысы мен мемлекет сыйлықақысы қосылып отыратын жинақ ретінде пайдалану үшін сізге арнайы салым ашу керек. Арнайы жеке шоттағы тұрғын үй төлемінің бір бөлігі немесе толықтай осы салымға аударылып отырады.
    !

    маңызды

    Тұрғын үй төлемін немесе оның бір бөлігін жеке арнайы шоттан арнайы салымға автоматты түрде ай сайын аударып отыру үшін ұзақмерзімді тапсырма ресімдеу керек.

    Ұзақмерзімді тапсырманы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өкілімен бекітуге болады. Осыдан кейін ақшаның қалай жиналып жатқандығын жəне өзге операцияларды ЖССБ24 интернет-банкингіндегі «Жеке кабинеттен» келесі мекенжай бойынша қадағалап отыра аласыз: https://online.hcsbk.kz

    БАНККЕ БАРУ ҚАЖЕТ ЕМЕС, БАНК СІЗГЕ ӨЗІ КЕЛЕДІ

    Кеңес алу
  • Жеке арнайы шот пен салым ашу
    үшін қандай құжаттар керек?

    жеке куəлік

    тұрғын үй төлемін алушы туралы анықтама (тұрғын үй төлемін алушы қызмет атқаратын мекемедегі Тұрғын үй комиссиясы береді)

    үшжақты келісім-шарт
    (жұмыс беруші береді)

    Қалған құжаттың бəрін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өкілі ресімдеп береді

    Жұмыс орнында тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімі жасалып, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кеңесшісі шақырылады.

    Мекемеге келген банк өкілі:

    шот ашу үшін қажет барлық құжаттардың бар-жоқтығын тексереді

    тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қалай жұмыс істейтіндігі туралы түсіндіреді

    тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде салымыңыздың бар-жоқтығын тексереді. Болмаса, банк өкілі сол жерде атыңызға жаңа арнайы салым ашып, ол туралы арнайы Сертификат тапсырады

    сізден тұрғын үй төлемдерін аудару туралы өтініш қабылдайды (ұзақмерзімді тапсырма)

    банктің қолданыстағы комиссиялары мен тарифтері туралы айтып береді

    сізге жеке арнайы шот ашып береді

    маңызды

    Жеке арнайы шот пен салым ашу кезінде тұрғын үй төлемін алушыға OTP-код (бірреттік құпиясөз) алу үшін ұялы телефон қажет болады.
  • Тұрғын үй төлемін алушыларға арналған жеңілдетілген займдар

    ҰЗАҚ УАҚЫТТАН БЕРІ ҚЫЗМЕТ ЕТІП КЕЛЕСІЗ БЕ? ҮЙ САТЫП АЛУҒА КЕРЕК ЗАЙМДЫ БІРДЕН АЛА АЛАСЫЗ!

    Жеңілдетілген займ түрлері:

    Құрылыс салушы ұсынатын жаңа үй сатып алуға арналған займдар
    Алдын-ала:
    1
    • 5% бастапқы жарна – 5%;
    • 7% сыйақы мөлшерлемесі – 7%;
    2
    • 20% бастапқы жарна – 20%;
    • 6% сыйақы мөлшерлемесі – 6%;
    Аралық:
    • 50% бастапқы жарна – от 50%;
    • 6% сыйақы мөлшерлемесі – 6%;
    Қайталама нарықтан үй сатып алуға арналған займдар
    Алдын-ала:
    1
    • 20% бастапқы жарна – 20%;
    • 8% сыйақы мөлшерлемесі – 8%;
    Аралық:
    • 50% бастапқы жарна – от 50%;
    • 6% сыйақы мөлшерлемесі – 6%;
    !

    маңызды

    • Заем сомасы тұрғын үй төлемінің көлемі мен несиелендіру мерзіміне тәуелді
    • Заем бойынша төлем ай сайын тұрғын үй төлемінің көлемінен аспауы тиіс
    • Жеңілдетілген займдар Қазақстан Республикасы аумағында атында үйі жоқ азаматтарға ғана беріледі

    Жеңілдетілген несиелендіруден үміткерлер тізіміне кіру үшін қажетті ұпай санын жинау керек. Ұпай әскери қызметтегі әр толық ай үшін 0,5 ұпай беріледі деген есеп негізінде саналады.

    Ұпай есептеу тәртібі мына жерде

    Askeri.baspana.kz онлайн-сервисі

    Жеңілдетілген займдар беру кезінде үміткерлерді таңдаудың ашық жүйесін құру үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арнайы ASKERI.BASPANA.KZ сайтын əзірледі.

    Жеңілдетілген заем алуды жоспарлап отырсаңыз, сізге ASKERI.BASPANA.KZ сайтына тіркеліп, арнайы сауалнаманы толтыру керек.

    Сауалнамада көрсетілген ақпараттардың растығын сіздің ведомство тексереді.

    Сайтта ұпай есептеу және заем алудан үміткерлерді іріктеу автоматты түрде жүреді.

    1. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен арнайы шот ашу

    2. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен арнайы салым ашу

    3. ЖССБ24 интернет-банкингіне тіркелу

    4. Askeri.baspana.kz сайтына кіріп, сауалнама толтыру

    Сауалнамада көрсетілген ақпарат шындыққа сəйкес келмесе, тұрғын үй төлемін алушыға заем берілмейді.

  • Мысалдар

    НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ТҰРҒЫН ҮЙ ТӨЛЕМДЕРІН ҮЙ САТЫП АЛУ ҮШІН ТЕК БІР-АҚ РЕТ ПАЙДАЛАНУҒА БОЛАДЫ!
    Мысал түрінде қарастырайық

    Мысалы, Астанада қызмет атқарып жүрген майор жақында ғана үйленді, əзірге балалы болып үлгерген жоқ делік. Тұрғын үй төлемі 1 адамға 48 870 теңге (Астанадағы тұрғын үй төлемінің сомасы) деп алынып, екі адамға 97 740 теңге көлемінде беріледі.

    Бұл отбасы бірден бастапқы жарнасыз несие алғысы келсе жəне ұпай саны бойынша өтсе, онда банк 9 700 000 теңгені бастапқы жарнасыз заем түрінде бере алады.

    Астанада 9 700 000 теңгеге тек бір бөлмелі пəтер сатып ала аласыз. Болашақта мұндай үй тарлық қылады.

    Ал егер сіз тұрғын үй төлемдерін банктегі шотқа жинап отыратын болсаңыз, бірнеше жылдан кейін кең пəтер сатып алуға мүмкіндік беретін заем сомасын алудан үміткер боласыз.

    Ұзақ уақыт ақша жинау не себепті тиімді?
    ЖИНАҒАН АҚШАҢЫЗ НЕҒҰРЛЫМ КӨП БОЛСА, ҮЙ ДЕ СОҒҰРЛЫМ ҮЛКЕН БОЛАДЫ!
    Ақшаны барынша көп жинаудың жолы қандай?

    1. Тұрғын үй займын алардан бұрын барынша ұзақ уақыт жинау.

    2. Неғұрлым ұзақ уақыт жинасаңыз мемлекет сыйлықақысын да соғұрлым көп аласыз, тұрғын үй займы бойынша пайыздық мөлшерлеме де соғұрлым төмен болады.

    3. Тұрғын үй төлемі отбасы мүшелерінің санына байланысты есептеледі, оған тұрғын үй төлемін алушы, оның жұбайы, балалары кіреді. Отбасы мүшелері неғұрлым көп болса, соғұрлым үлкен қаражат жинауға болады.