Пулдар мен баллдарды есептеу

Пул – бұл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы және Банктің «Өз үйім» меншікті
бағдарламасы аясында жаңа пәтерге Заем алу мақсатындағы конкурс.

Бұл қалай жұмыс істейді?
Тұрғын үй алуға үміткерлер пулға өтінім береді
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Жалпы Ұпай (ЖҰ) бойынша барлық үміткерлердің төлем қабілеттілігін бағалайды
ЖҰ-ның ең көп санын жинақтаған үміткерлер пәтер сатып алуға арналған тұрғын үй заемын алады
Ұпайларды есептеу

Жалпы ұпайды есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:

ЖҰ = БК * ШС/1000 + ЖМ*10

бұл жалпы ұпай
шарт бойынша нақты жинақтау мерзімі (ай есебінде)
Мысал ретінде ұпайлардың есептелуін қарастырайық

Екі салымшының бір пулға өтінім беруі жағдайын қарастырып көрейік:

Бірінші салымшы үш жыл (36 ай) ішінде жинақтады, ай сайын депозитке жарна салып отырды, сондықтан 16 деген бағалау көрсеткішіне қол жеткізді. Шарттық соманың мөлшері - 10 млн тенге.

ЖҰ1 = 16 * 10 000 000/1000 + 36 * 10 = 160 360 ұпай

Екінші салымшы дәл солай жинақтап, депозитін ай сайын толықтырды, бірақ та үш жыл емес, бес жыл (50 ай) жинақтаған, сәйкесінше оның бағалау көрсеткіші жоғары - 25. Бұл жағдайда да шарттық соманың мөлшері дәл сол 10 млн теңгені құрайды.

ЖҰ2 = 25 * 10 000 000/1000 + 50 * 10 = 250 500 ұпай

Нәтижесінде, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі заем алу кезегінің тізімін жасағанда екінші салымшы бірінші салымшыға қарағанда үлкен басымдыққа ие болады.