Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Новости

Квест ережелері




I. Квест мақсаты – ақша жинауды үйрену

Ол үшін сөреден мәреге дейін ортадағы төрт аралық локация (нүкте) арқылы жүріп өту керек. Әр локацияның және ақтық нысанның қайда орналасқанын қатысушылар қосымша берілетін деректерден білетін болады. Мұндай деректі қатысушылар әлеуметтік желілердегі өз парақшаларында #түқжбжинақкүні хештегімен селфи жариялаған соң ала алады.

Мәреде барлық қатысушыларды мереке-мейрам, сыйлық және көңіл көтеретін қызық күтеді!

II. Квестке қатысу ережелері

Алматы қаласындағы квестке қатысу үшін келесі шарт-талаптарға сай болу керек:

1.    Жасы 18-ден 40-қа дейін

2.    Міндетті түрде интернетке қосылған смартфонның болуы

3.    Міндетті түрде келесі әлеуметтік желілердің кем дегенде біреуінде жеке парақшасының (аккаунтының) болуы: Facebook, Instagram, Вконтакте

4.    Квест өтетін уақыт аралығында квест қатысушысының белгілері бар дүниені (бейдж, нөмір) тағуға келісім беруі

5.    Өзінің аты-жөні мен фотосуретін 4-тармақта көрсетілген әлеуметтік желілердегі «ҚТҮҚЖБ» АҚ-ның корпоратив парақшаларында жариялауға рұқсат беруі

6.    Квест хештегін көрсетіп, 4-тармақта көрсетілген әлеуметтік желілерде өзінің жеке парақшасында міндетті түрде селфи жариялауға келісім беруі

7.    Квесттің басқа да ережелерін сақтауға келісуі.

Осы 7 тармақтың бәріне келісім берсеңіз, сіз квестке қатыса аласыз.

III. Қатысушыларды тіркеу

1.    Квестке қатысуға ниет білдірген адам онлайн-тіркеуден өтіп, қатысушының есептік нөмірін алуы керек.

2.    Ол үшін:

  • ұйымдастырушылар қатысушылармен байланысуы және квест нәтижелері бойынша рейтинг түзе алуы үшін өзі туралы дұрыс мәліметтерді көрсете отырып, тіркелу формасын толтыру керек;

  • квестке қатысу және шараның өту талаптарымен танысып шығып, барлық тармақтарды орындайтынына келісім беру керек. Ол үшін «Растаймын» батырмасын басу қажет;

  • келісім беру арқылы сіз квест ережелерінің біреуін немесе бірнешеуін бұзған жағдайда автоматты түрде жарыстан шығып қалатыныңызға келісім бересіз.

3.    Квест қатысушыларын онлайн-тіркеу ТҮҚЖБ корпоратив сайтында және әлеуметтік желілердегі корпоратив парақшаларында хабарландыру жарияланған соң басталады және 2017 жылдың 27 қазанында 23:59-да аяқталады.

4.    Квесттің барлық қатысушыларына бейдж және 2 нөмір белгісі беріледі, оларды киімге бекіту керек. Белгілерді квестке дейін екі жұмыс күні ішінде Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы 91 мекенжайынан немесе сөре орнында жарыс басталардан кем дегенде 1 сағат бұрын алуға болады. Белгілері жоқ адам квестке қатыстырылмайды.

IV. Квесттің өтуі

1.    Квесттің өтетін күні: 28 қазан 2017ж.

2.    Квест мәресінің орны: Алматы қ., Абылай хан д-лы, 91

3.    Квестке қатысушылардың жиналатын уақыты: 9.00-ден 10.00-ге дейін

4.    Квесттің басталатын уақыты: 11.00

5.    Жарыс алдында барлық қатысушылар квест белгілерін тағып, телефонын тексеріп, оның интернетке қосылып тұрғандығына көз жеткізулері қажет. Сонымен қатар квест логотипінің жанында алғашқы селфиін түсіріп, әлеуметтік желідегі парақшасында жариялауы тиіс.

6.    Осыдан кейін барлық қатысушылар ұйымдастырушылардан қосымша дерек алады. Онда келесі қосымша дерек жасырылған орынның қайда екені меңзеледі. Әр қатысушыға келесі деректі алу үшін қайда бару керек екенін табу қажет.

7.    Квесттің аралық локациясына (нүктесіне) келген қатысушыға:

- квест логотипімен селфи жасау

- селфиді әлеуметтік желілердегі өз парақшасында #түқжбжинақкүні хештегімен жариялау

- квест модераторына әлеуметтік желіде жарияланған селфиді көрсету керек.

8.    Осыдан кейін квест модераторы қатысушының аралық локацияға келу уақытын тіркеп, оған келесі қосымша деректі береді. Бұл іс-әрекетті әр аралық локацияда қайталап отыру қажет.

9.    Ниет білдірген әр қатысушы әр локация орнында тұрған квест модераторынан бонус сұрақтар қоюын сұрай алады.

V. Мәре. Квест жеңімпаздарын анықтау

1.    Соңғы аралық локацияда әр қатысушы мәре орны жасырылған қосымша дерек алады. Әр қатысушы селфи жасап, әлеуметтік желіде жариялаған соң мәреде квест модераторлары оның келген уақытын тіркейді.

2.    Квест қатысушыларын мәреде тіркеу 18.00-ге дейін жүреді. Мәреге көрсетілген уақыттан кейін келген барлық қатысушы жалпы нәтижелер рейтингіне енбейді.

3.    Жалпы рейтинг негізінде комиссия (қазылар алқасы) келесі номинациялар бойынша квест жеңімпаздарын анықтайды:

- ең жүйрік – мәреге бірінші болып келген қатысушы

- ең білімді – аралық локациялардағы барлық бонус сұрақтарға бірінші болып дұрыс жауап берген қатысушы

- инстаграмдағы ең танымал қатысушы – инстаграмда селфиі ең көп лайк санын жинаған қатысушы

- фейсбуктегі ең танымал қатысушы – фейсбукте селфиі ең көп лайк санын жинаған қатысушы

- Вконтактедегі ең танымал қатысушы – ВКонтактеде селфиі ең көп лайк санын жинаған қатысушы

4. Көрсеткен нәтижесіне қарамастан квесттің барлық қатысушылары мәреде өтетін мерекелік кешке шақырылады. Кешке кіру үшін қатысушы бейджі болуы шарт.

5. Кештің басталатын уақыты – 18.00. Жеңімпаздарды жариялау және сыйлықтар беру кеш барысында жүретін болады.

Суреттегі кодты енгізіңіз