Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Легенда Квеста

Квест аңызы

Достар! 

Біздің квест Бүкіләлемдік жинақ тарихына арналады. Сіздерге бір тақырыптың аясында бас қосқан түрлі елдер мен дәуірлерге саяхат жасауға тура келеді. Ол тақырып әр уақытта әлемнің түкпір-түкпірінде адамзаттың ақша мен бағалы дүниені қалай жинап, сақтағаны туралы болмақ.

1924 жылдың 27 қазанында 29 елден келген қаржыгерлер Миланда Жинақ банктерінің бірінші халықаралық конгерсінде бас қосады. Шараның ең соңғы күнінде Бүкіләлемдік жинақ күнін атап өту туралы қызық идея айтылады.

Әу баста бұл мереке жеке қаражатты үнемдеуге арналған болатын, бірақ уақыт өте келе 31 қазан, яғни осы бір атаулы күн тек қаражатқа емес, күш-қуат пен жүйкеге де мұқият болып, дүние-мүлікті құнттап ұстау керек екеніндігін білдіретін болды.

Квесттегі біздің әр локация, сонымен қатар мәре орны белгілі бір ел мен дәуірді білдіреді.

№1-локация – Қайта өркендеу дәуіріндегі Италия

№2-локация – Голландия 16-ғасыр

№3-локация – Германия 18-ғасыр

№4-локация – Заманауи Қазақстан

Мәре – болашақ

Сіздерге қосымша берілетін ақпараттың көмегімен Италия, Голландия, Германия, Қазақстан және болашақты қай нысанның бейнелеп тұрғанын, оның қаламыздың қай жерінде орналасқанын табу керек.

Сондай-ақ сіз әр локацияда осы елдер мен дәуірлердегі дәулет үнемі тарихына қатысты бонус сұрақтарға жауап беріп, «Ең білімді» номинациясында сыйлық ұтып ала аласыз!

  


ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Суреттегі кодты енгізіңіз