Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Онлайн-уступка


Жалпы талап-шарттар


Онлайн-табыстау – ЖССБ 24 интернет-банкингіндегі жаңа сервис. Ол Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің бір клиенттеріне шарт бұзудың орнына депозитті тиімді жолмен сатып жіберуге, ал екінші клиенттерге салым иесі атанып, тұрғын үй сатып алуға немесе жөндеу жұмыстарына арналған жеңілдетілген заем ресімдеуді жылдамдатуға мүмкіндік береді.   Толығырақ мына сілтемеде

Онлайн-табыстау, яғни депозит сату/сатып алу 5 кезеңнен тұрады:

1Сатушы депозитін сататыны туралы хабарландыру жариялайды

2Қызығушылық танытқан клиенттер аталған депозитті сатып алуға өтініш береді

3Жүйе ең жоғары баға ұсынған сатып алушыны анықтайды

4Сатып алушы мен сатушы депозитті беру келісім-шартына қол қояды, осыдан соң депозит жаңа иегердің атына аударылады.

5Сатып алушы сатушының шотына ақша аударады

Біздің роликті көріңіздер

Білген маңызды:

Сатып алушы мен сатушыға банкке келудің қажеті жоқ – депозит сатуға/сатып алуға қатысты барлық операциялар https://online.hcsbk.kz сайтындағы ЖССБ 24 интернет-банкингінде жүреді.

Қандай депозитті сатуға немесе сатып алуға болады?

  • Депозит мерзімі (жинақ мерзімі) – кем дегенде 1 жыл
  • Жинақ мерзіміндегі есептелген сыйақы сомасы – шексіз
  • Бұғатталмаған және/немесе төлем талап-тапсырмасы жоқ депозит

Депозит сатып алуға/сатуға қатыса алатын тұлғалар:

  • Тек интернет-банкингте тіркелген Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттері
  • 18 жасқа толған азаматтар
  • ҚР резиденттері және азаматтары
  • Жеке кәсіпкерлер тек сатушы ретінде
  • САТА АЛМАЙДЫ:

  • Үлестес тұлғалар 
  • Жеке кәсіпкерлер сатып алушы ретінде
  • Заңды тұлғалар
  • Жеке сот орындаушылары және жеке нотариустар

Онлайн-табыстау процедурасын жүргізу үшін Банктің алатын комиссиясы депозитте жинақталған соманың 0,5%-ын құрайды немесе кем дегенде 5000 теңге. Комиссияны Сатып алушы төлейді.

ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Суреттегі кодты енгізіңіз