Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі әскери қызметкерлер үшін жаңартылған тұрғын үй бағдарламасы бойынша алғашқы несиені берді

6 Мая 2019 Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі әскери қызметкерлер үшін жаңартылған тұрғын үй бағдарламасы бойынша алғашқы несиені берді
Заем елордалық тұрғынға берілді. Капитан Әмина Әшенова өзінің үш бөлмелі пәтерін Нұр-Сұлтан қаласында сатып алды. Бұған дейін жаңартылған "әскери өнім" бағдарламасының шарттарын асыға күткен бұл отбасы екі баласымен қоса жалдамалы пәтерде тұрды.

Әмина Әшенова несие алу үшін өтінімді тұрғын үй бағдарламасы іске қосылған алғашқы күннен, яғни, 2019 жылдың 2 мамырында берді. Осылайша, өз баспанасына қол жеткізген қоныс иесін бүгін Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ("Бәйтерек" xолдингінің еншілек ұйымы) басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мен ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі құттықтады.

-Бұған дейін мемлекет тарапынан берілетін тұрғын үй төлемдерін жалдамалы пәтерді төлеу үшін жұмсайтынбыз. Енді біз оларды өз баспанамыздың несиесін өтеу үшін пайдаланатын боламыз. Қаражатты бөтен пәтерге емес, өз үйіміз үшін төлейтіндігімізді ойласақ, көңіліміз жылып қоя береді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің осы бағдарламасы арқылы енді әскери қызметкерлердің баспана мәселесін шешу мүмкіндігіне ие болғаны бәрімізді қатты қуантады,- дейді Әмина.

Өз пәтеріне қол жеткізу үшін несиені қоныс иесі жаңа шарттар бойынша алды. Яғни, заем мөлшерлемесі жылдық 8%-ға тең. Ал ең төменгі бастапқы жарна заем сомасының 15%-ын құрайды.
Дәл осындай бағдарлама шарттарын мемлекеттен тұрғын үй төлемдерін алатын барлық әскери қызметкерлер пайдалана алады. Ол үшін олардың конкурсқа қатысып, оның нәтижесін күтудің еш қажеті жоқ. Тек өзі қалаған пәтерді таңдап, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне xабарласса жеткілікті.

-"Әскери өнім" бағдарламасын іске қосқан алғашқы күні несие алуға өтінім бергендердің 70%-ы әскерилерге тиесілі еді. Бұл олар үшін тұрғын үй бағдарламасының қаншалықты маңызды екендігінің дәлелі. Осы жылы біз әскери ведомство қызметкерлерінің пікірлерін ескере отырып, несие беру шарттарын барынша жеңілдеттік. Отан қорғаушылар күні қарсаңында олардың барлығының жақын арада қоныс тойын атап өтулеріне шын жүректен тілектеспін. Өйткені басыңда өз баспанаң болса, қалған істі жасау оңай,- деп атап өтті Ләззат Ибрагимова.
Сонымен қатар, ол қоныс тойымен Ерлан Скендировты да құттықтады. Ұлттық гвардияның әскери қызметкері астананың шет жағынан жеке үй сатып алды.


"Әскери өнім" бағдарламасының жаңа шарттары бойынша тұрғын үй таңдау барысында шектеулер қойылмаған. Яғни, несиені жаңа салынған үйден пәтер таңдауға, үлестік құрылысқа қатысуға немесе қайталама нарықтан баспана сатып алу мақсатында алуға болады. Үй сатып алу кезінде заем сомасына оның жөндеу жұмыстарына кететін шығындарды да қосуға болады.

"Әскери өнім" бойынша несие сомасы тұрғын үй мөлшерінің көлеміне байланысты есептелінеді. Яғни, тұрғын үй төлемі жеткіліксіз болған жағдайда, онда әскери қызметкердің айлық жалақысы қарастырылады, немесе қосалқы қарыз алушының көмегіне жүгінуге де болады.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы әскери қызметкерлердің тұрғын үй төлемдерін пайдалану меxанизмі өзгертілген еді. Олар енді тұрғын үй төлемдерін жалға алған бөтен біреудің пәтеріне төлемей, керісінше оның көмегімен өз баспанасын сатып алуына мүмкіндік туды. Әскерилерге қолдау көрсету мақсатында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қаражат бөліп, олар үшін арнайы 2025 жылға дейінгі тұрғын бағдарламасын әзірлеп шығарды. Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап осы бағдарламаға 2500 адам қатысты.

Биылғы жылы банктің болжамына сүйенсек, қоныс тойларын тағы 4000 әскери қызметкерлер отбасы атап өтпек, ал оларды несиелендіру үшін банк тарапынан 59 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді.


қайтару

ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Суреттегі кодты енгізіңіз