Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі әскери қызметкерлер үшін жаңартылған тұрғын үй бағдарламасын іске қосты

3 Мая 2019 Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі әскери қызметкерлер үшін жаңартылған тұрғын үй бағдарламасын іске қосты
Енді әскери қызметкерлер мен арнайы мемлекеттік орган қызметкерлеріне Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) арқылы баспана сатып алу үшін конкурсқа қатысып, оның қортындысын күтудің керегі жоқ. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «әскери өнімнің» шарттарын жеңілдетті. Осылайша, 2019 жылдың 2 мамырынан бастап тұрғын үй төлемін алушыларға несие бірыңғай шарттар бойынша беріледі. Яғни, займ сомасының 15%-ын құрайтын ең төменгі бастапқы жарнасы бар салымшылар несиені жылдық 8% мөлшерлемемен алатын болады.

Бұған қоса, тұрғын үйді таңдау кезінде ешқандай шектеулер қойылмайды. Несиені жаңа үйден дайын пәтер сатып алуға, үлестік құрылысқа қатысуға немесе қайталама нарықтан баспана сатып алу үшін жұмсауға болады. Тұрғын үйді сатып алу кезінде заем сомасына пәтердің ішкі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалатын шығындарды қосуға болады.

Жаңа тұрғын үй бағдарламасына жеке пәтері бар, бірақ өз ведомствосы бойынша тұрғын үйге мұқтаж тұлға ретінде танылған әскери қызметкерлер де қатыса алады.

- Жаңартылған шарттарға сай, 16 млн. теңгені құрайтын алғашқы несие Талдықорғандық әскери қызметкерге берілді. Ата-анасымен тұрған ол енді өз отбасымен бірге жаңа үйдегі 4 бөлмелі кең пәтерге көшетін болады. Біздің болжамға сәйкес, осы жылы қоныс тойын жалпы 4 000 әскери қызметкер атап өтпек. Оларға несие беру мақсатында банк тарапынан 59 млрд. теңге бөлінді, - деп атап өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

«Әскери өнім» бойынша несие сомасы еліміздің аймақтары мен отбасының құрамына тәуелді тұрғын үй төлемдерінің мөлшері бойынша есептелінеді. Яғни, отбасы құрамы неғұрлым үлкен болса, тұрғын үй де соғұрлым үлкен болады. Сондықтан, әлі де өз отбасын құрмаған әскери қызметкерлер мен балалы болуды жоспарлаған отбасылардың пәтер сатып алуға асықпағандары жөн. Дәл қазіргі кезде олар үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотта тұрғын үй төлемдерін жинап, алдағы уақытта жылдық 3,5-5% мөлшерлемемен заем алу аса тиімдірек.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы әскери қызметкерлердің тұрғын үй төлемдерін пайдалану механизмі өзгерді. Яғни, олар енді осы төлемдерді тек жалға алған біреудің пәтеріне төлемей, өзінің жеке баспанасын сатып алуға жұмсай алады. Әскери қызметкерлерге қолдау көрсету мақсатында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қаражат бөліп, олар үшін 2025 жылға дейінгі жеке тұрғын үй бағдарламасын әзірлеп шығарды. Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап «әскери өнім» бағдарламасына 2 500 адам қатысты. Тағы 70 мың әскери Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде шот ашып, өздерінің тұрғын үй төлемдері есебінен қаражат жинақтауда.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі – арнайы салымдары ерекше мәртебе мен қол сұғылмаушылық кепіліне ие жалғыз банк. Әскери қызметкерлердің жинақтары бюджет есебіне алынбайды, аталған шот иесінің басқа міндеттемелері бойынша тыйым салынбайды, әрі екінші деңгейлі банк қандай да бір берілген несиелер бойынша уақтылы төленбеген берешектер үшін төлем талабын қоя алмайды.

Ал, өткен жылы Askeri.baspana.kz порталы арқылы бағдарламаға қатысу үшін өтініш бергендер мен бағдарламаға қатысушылар пулына енгізілген әскери қызметкерлер өтінімді бұрынғы шарттар бойынша, яғни, 2019 жылдың 30 қыркүйегіне дейін берулеріне болады.

қайтару

ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Суреттегі кодты енгізіңіз