Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 108 салымшысына пәтер кілті табысталды

28 Августа 2018 Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 108 салымшысына пәтер кілті табысталды

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) клиенттері жаңа пәтерлерді «Өз үйім» бағдарламасы арқылы алды. Таза әрлеудегі мұндай баспананың 1 шаршы метрінің құны 160 000 теңгені құрады. Бұл Көкшетау қаласы тұрғын үй нарығындағы бағадан 15%-ға арзан. Тоғыз қабатты жаңа үй қала орталығында, жағалаудың жанында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары үшін арнайы салынған болатын.

 

Банк салымшылары Конституция күні қарсаңында үйлеріне кіріп, қоныс тойын атап өте алады. Бүгін олар Ақмола облысы әкімі Мәлік Мұрзалин мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басшылығының қолынан пәтер кілттерін алды.

- «Өз үйім» бағдарламасына қатысу үшін салымшыларға барынша аз талапты орындау, атап айтқанда, 20% көлеміндегі бастапқы жарна әкелу жеткілікті болды. Бұл жағдайда жылдық мөлшерлемесі 7% болатын заем алуға болады. Алайда Ақмола облысының тұрғындары қаражаттың басын құрап, шыдамдылық таныта алатындықтарын көрсетті – бүгін пәтер кілтін алғандардың 90%-ы үй бағасының 50%-на тең ақшаның басын құраған. Осының арқасында олар 5% көлеміндегі өте төмен жылдық мөлшерлемемен тұрғын үй займдарын алу мүмкіндігіне қол жеткізіп отыр, - деп түсіндірді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Ақмола облыстық филиалы директорының орынбасары Нұрдан Әлібеков.

Мысалы, аумағы 38 шаршы метр болатын бір бөлмелі пәтерді 6,1 млн теңгеге сатып алуға болады. Бұл соманың жартысы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жинақталған жағдайда, қалған жартысын банк 6 жылға несие түрінде береді. Заем бойынша ай сайынғы төлем 50 000 теңгені құрайды, ал артық төлем 500 000 теңгеден сәл ғана асады.

Көкшетау тұрғыны Нарбала Байзулда дәл осындай тиімді займ ресімдеп отыр. Ол ең бірінші депозитін 2005 жылы ашқан болатын. Осы уақыт ішінде салымшы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы басқа екінші деңгейлі банктен алған алғашқы ипотекасын қайта қаржыландырып, одан бөлек тағы екі пәтер сатып алып үлгерген.

- Үйге деп ақша жинағанда қаражат үнемдеу керек болады. Алайда болашақ туралы ойлар, алдыңа қойған мақсатың қанаттандырады. Жаңа пәтерде ұлым тұрады. Жасы 23-те, әлі студент. Жоғарғы оқу орнын бітіріп, жұмысқа тұрған соң несиесін өзі өтейді. Себебі төлем көлемі үлкен емес, - дейді банк салымшысы.

Қазір Ақмола облысының 35 000 тұрғыны баспаналы боламыз деп Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде қаражат жинап жатыр. Жақын арада бастапқы жарна үшін қажет соманы жинаған салымшылар «Өз үйім» бағдарламасына қатыса алады. Өтінім қабылдау 2018 жылдың 10 қыркүйегінде басталады. 60 пәтерден тұратын жаңа тұрғын үй Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмол кентінде салынуда. Мұндағы пәтерлердің 1 шаршы метрінің бағасы 150 000 теңгені құрайды.

Нысан туралы толығырақ біліп, бағдарламаға қатысу үшін өтінім беру baspana.kz порталында жүреді. «Өз үйім» бағдарламасы бойынша үміткердің атында үйдің бар-жоқтығы туралы талап жоқ.



қайтару

ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Суреттегі кодты енгізіңіз