Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «әскери өнім» аясында алғашқы займын берді

5 Сентября 2018 Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «әскери өнім» аясында алғашқы займын берді
Алғашқы несие Семей қаласында тұратын әскери қызметшіге берілді. Сержант Қайрат Таныспаев қала орталығынан 8,5 млн теңгеге үш бөлмелі пәтер сатып алды. Займды ол 14 жыл бойы өтеп отырады, несиенің бір айдағы төлем сомасы 79 416 теңгені құрайды. Бұл ретте займшының аталған қаражатты өз қалтасынан төлемейтінін айта кету керек. Несиені Қайрат Таныспаев тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметші ретінде мемлекеттен алатын тұрғын үй төлемдерінің есебінен өтейтін болады.




- 2018 жылдың басында әскери қызметшілердің тұрғын үй төлемдерін пайдалану механизмі өзгерді. Бұрын мемлекеттен берілетін бұл ақшаны тек үй жалдауға ғана жұмсай алатын едік. Енді оны Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотқа жинай аламыз, жеңілдетілген займдарды өтеуге де, басқа банктердегі ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруға да, тіпті, үлестік құрылысқа қатысу үшін де қолдана аламыз. Мен бастапқы жарнаны Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жинаймын деп шештім, нәтижесінде бүгін қайталама нарықтан өзім таңдаған, мектеп пен балабақшаның жанынан үй сатып алып отырмын. Екі балам бар, сондықтан үйді қай жерден алатыным маңызды болды. Әскери қызметшілерге арналған арнайы бағдарламаның арқасында жарты жылдың ішінде баспанамның мәселесі шешілді, - дейді Қайрат Таныспаев.

Әскери бағдарламаларға қатысушыларға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотта жиналған сома мен таңдалған тұрғын үйге байланысты займның үш түрі ұсынылады.

Мәселен, үй құнының 5%-ына тең бастапқы жарнасы бар әскери қызметші жылдық мөлшерлемесі 7% болатын несиеден үміткер атанады. Бұл жағдайда клиент таңдаған баспана жаңа үйлер нарығынан, құрылыс салушы ұсыныстардың бірі болуы тиіс.

20% көлеміндегі бастапқы жарнасы бар әскери қызметші үшін несиенің жылдық мөлшерлемесі 6%-ға дейін төмендейді. Мұнда да үйді құрылыс салушының өзінен сатып алу керек.
  
Ал Қайрат Таныспаев секілді баспананы қайталама нарықтан өзім таңдап аламын деген әскери қызметшіге Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі депозитқа 20%-ға тең бастапқы жарна жинау керек және жылдық мөлшерлемесі 8% болатын несиеге өтініш беру қажет.

Әскери қызметшілерді жеңілдетілген шарттармен несиелендіру үшін банк өз қаражаты есебінен 74 млрд теңге бөлді. Аталған сома үміткерлер арасында әділ және ашық бөлістірілуі үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арнайы ұпай жүйесін құрды. Оның басты критериі ретінде бағдарламаға қатысушының әскери қызметте өткізген мерзімі алынды.

Үміткерлердің өтініштері Askeri.baspana.kz порталында қабылданды.

Бір айдың ішінде барлығы 13 мыңдай өтініш келіп түскен. Қабылданған құжаттардағы ақпараттың қаншалықты рас екенін бөлім командирлері тексерді. Анкеталық мәліметтерді толтырған әскери қызметшілер қолжетімді несие алудан үміткерлер пулына кірді.

- Қазіргі уақытта 4 000-дай адам іріктеліп алынды. Тағы 1000-нан астам үміткердің құжаттары тексеріліп жатыр. Бұл – Ұлттық Ұлан, ҰҚК, Әскери прокуратура, Мемлекеттік қорғау қызметтері, Ішкі істер министрлігі мен Қорғаныс министрлігінің қызметшілері. Олардың барлығы Askeri.baspana.kz порталында өтініш берді және басқаларға қарағанда ең көп ұпай жинады. Қатысушылардың әскери қызметте өткізген әр толық айына 0,5 ұпайдан берілді. Осылайша біз ең ұзақ қызмет атқарып жүрген азаматтарға басымдық беріп отырмыз. Біз Отан қорғаушылардың ертеңіне сенімді болғанын және зейнетке шыққанға дейін міндетті түрде баспана иесі атанатынын білгенін қалаймыз. Бұған қоса банк осы жылы әскери қызметшілердің займдарын қайта қаржыландыру үшін 24 млрд теңге бөлді. Бұл қаражат игерілмесе, оны тұрғын үйді несиелендіруге бағыттайтын боламыз. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтің да ойы бізбен бір жерден шығып отыр. Жақында ол «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының штабында болып, әскери қызметшілерге арналған жаңа өніммен танысқан болатын, - деп түсіндіріп өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Әскери қызметші тұрғын үйді несие сомасына қарай өзі іздейтін болады. Несие сомасы үміткерге мемлекеттен берілетін тұрғын үй төлемі негізінде есептеледі. Ал тұрғын үй төлемінің көлемі қызмет атқаратын аймақ пен отбасы құрамына байланысты анықталады. Яғни, отбасы неғұрлым үлкен болса, төлем сомасы да соғұрлым жоғары.

Тұрғын үй төлемдерін баспана сатып алу үшін бір рет қана пайдалануға болатындықтан, отбасын құрып үлгермеген немесе әлі ата-ана атанбаған жас әскери қызметшілерге пәтер сатып алуға асықпаған дұрыс. Оның орнына Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен шот ашып, тұрғын үй төлемдерін сол жерде жинай берген, ал үй сатып алуға арналған байқауға келесі жылы қатысқан тиімдірек. Әскери қызметшінің депозитте жинған қаражаты пен тұрғын үй төлемі сомасы үлкен болса, кең пәтер сатып алу мүмкіндігіне қол жеткізеді.


қайтару

ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Суреттегі кодты енгізіңіз