Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде NPL деңгейі 0,25%-ға дейін төмендеді

10 Сентября 2018 Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде NPL деңгейі 0,25%-ға дейін төмендеді
Бірінші жартыжылдықтың нәтижесі бойынша, қазақстандық ипотеканың 62%-ы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) тиесілі. Банктердің тұрғын үй сатып алу үшін қазақстандықтарға берген 224,8 млрд теңге көлеміндегі қаражатының 139,8 миллиардын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ресімдеген. 16 090 Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшысы заем иесі атанған.

Бұл туралы бүгін Астанада «Бәйтерек» холдингінің басшысы Айдар Әріпхановтың төрағалық етуімен өткен банктің Директорлары кеңесі отырысында белгілі болды.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова алғашқы жартыжылдықта жасалған жұмыс туралы есеп бере келе, банктің депозиттік базасының 5,6%-ға өскенін атап өтті. Есептік кезең нәтижесі бойынша, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі халықтың ұзақмерзімді салымдары нарығында 1-орынға ие болып отыр. Жинақтардың жалпы сомасы 549 млрд теңгені құрайды. Бұл екінші деңгейлі банктердің жалпы депозиттік қоржынының 26%-на тең. 2018 жылдың 6 айы ішінде банкте тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі туралы 204 915 жаңа келісім-шарт бекітілген.

Аталған кезең ішіндегі банктің несие қоржыны да өсім көрсетіп отыр. 2018 жылдың 1 шілдесіндегі статистикаға сәйкес, несие қоржыны 527,8 млрд теңгені құрайды, бұл жыл басындағы көрсеткішке қарағанда 63,3 млн теңгеге артық. Осыған қарамастан, банктің NPL деңгейі (уақтылы өтелмеген, өтеу мерзімі 90 күннен асып кеткен) 0,05%-ға төмендеп, 0,25%-ға дейін түскен. 2017 жылдың қорытындысы бойынша банктегі NPL деңгейі 0,30%-ды құраған болатын.

Келтірілген есепке сәйкес, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жеткілікті деңгейдегі өтімділік қорына ие. Ұлттық банктің қаржы институты тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін талап ететін көрсеткіштері де (пруденциалдық нормативтер қоры) үш есе жоғары болып отыр.

Бұдан бөлек Директорлар кеңесі отырысында бюджеттің және банк рентабельдігі көрсеткіштерінің орындалуы туралы, қаржы тәуекелдерін басқару жөніндегі және басқа Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қызметі нәтижелеріне қатысты бірқатар есептер қарастырылып, бекітілді.

қайтару

ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Суреттегі кодты енгізіңіз