Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттерінің қоныс тойы ойындармен және флешмобтармен өтті

27 Октября 2018 Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттерінің қоныс тойы ойындармен және флешмобтармен өтті
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары қоныс тойын атап өтуде. Олар үшін Орал қаласында «ХимМашСтрой-Сервис» ЖШС компаниясы жайлы және бағасы арзан тұрғын үй салып берді. Нысан Солтүстік-Шығыс 2 ықшамауданы, 22-үй мекенжайы бойынша орналасқан. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттері үшін «таза әрлеу алдығдағы» пәтерлердің 1 шаршы метр құны 138 000-148 000 теңге аралығында. Бұл нарықтық бағадан 7%-ға арзан.

 

- Жаңа тұрғын үй қаланың келешегі бар ауданында салынған, жанында мектеп, балабақша, базар, «Астана» сауда үйі орналасқан. Бұл жерден пәтер сатып алу үшін салымшылардан үй бағасының 20%-на тең бастапқы жарна талап етіледі, ал неисе бойынша жылдық мөлшерлеме 7%-ды құрайды. Мысалы, бір бөлмелі пәтердің ең төменгі бағасы 6,6 млн теңге, бұл жағдайда клиентке 1,3 млн теңге көлемінде бастапқы жарна қажет, - деп түсіндірді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Диас Рахымханов.

Үй маңындағы аймақты абаттандыруда құрылыс салушы ерекше шешім қабылдапты: мұнда барбекюге арналған орын қарастырылған, ал балалардың ойын алаңы ерекшелігімен қуантады. Ауланың қоршауы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Жаңа үй алған клиенттердің арасында бюджет саласы қызметкерлері, жас отбасылар, қалада тұруды қалаған ауыл тұрғындары бар. Олар үшін филиал қызметкерлері нағыз отбасылық мереке ұйымдастырды. Пәтер иелеріне кілт табыстау салтанатында дастархан жайылып, ойындар ойналып, флешмоб ұйымдастырылды, палау-party өтті.

Банк өнімдері туралы толық ақпарат алу үшін клиенттерге келесі мекенжай бойынша филиалға хабарласу керек: БҚО, Орал қ., М.Мәметова к-сі 111. Сондай-ақ www.hcsbk.kz сайты бойынша кеңесші де шақыруға болады.

қайтару

ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Суреттегі кодты енгізіңіз