Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі көпбалалы отбасыларға алғашқы жеңілдетілген займдарды берді

17 Мая 2019 Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі көпбалалы отбасыларға  алғашқы жеңілдетілген займдарды берді
Қоныс иелерінің барлығы – «Бақытты отбасы» қалалық тұрғын үй бағдарламасына қатысушылар. Ол 2019 жылдың наурыз айында Алматы қаласы әкімдігі мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тарапынан іске қосылды. Бүгінде аталған бағдарлама шеңберінде өз баспаналарына қол жеткізген қоныс иелерін Алматы әкімі Бауыржан Бәйбек пен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Басқарма төрайымының орынбасары Жанар Жұбаниязова құттықтады.

 

- Бүгінде Алматы қаласында баспанаға мұқтаж 23 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр. Олардың көпшілік пайызы көпбалалы отбасылар. Елбасының тапсырмасы бойынша баспанамен қамтамасыз ету процесін жеделдету мақсатында біз аталған бағыт бойынша бөлек кезек жасап, алматылық бюджеттен қаражат бөліп, «Бақытты отбасы» бағдарламасын іске қостық. Бүгін, міне, өз баспанасына қол жеткізген алғашқы қоныс иелерін құттықтап отырмыз, - деп атап өтті Бауыржан Бәйбек.

«Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысу үшін өтініштер бір ай бойы http://www.baqytty-otbasy.kz порталында онлайн-режимінде қабылданды. Одан кейін, қала әкімдігі құжаттарды тексеріп, жеңілдетілген несиеге үміткерлер тізімін бекітіп, олардың төлем қабілеттілігін анықтау мақсатында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне жолдама берді.

-Қазіргі сәтте, жолдама бойынша банкке 345 отбасы хабарласты. Олардың 195-сі өздігінен пәтер тауып, несиені рәсімдеу үстінде. Ал 12 отбасыға 180 млн. теңге мөлшерінде несие берілді. Олар бастапқы жарнасы 10%-ды құрайтын несиені жылдық 2 пайызбен алды. Ал бастапқы жарнаны төлей алмайтын отбасыларға Алматы қаласының әкімдігі көмек ретінде 1 миллион теңге көлеміндегі тұрғын үй сертификаттарын берді, - деп атап өтті Жанар Жұбаниязова.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша займдар жаңа үйлерден пәтер сатып алу мақсатында беріледі. Несиенің ең жоғары сомасы 15 млн. теңгені құрайды. Алматы қаласының тұрғыны Анар Асанбекова екі бөлмелі пәтерін 13,5 млн. теңгеге сатып алды. Ол күйеуі және 5 баласымен бірге жақын арада өз баспанасына көшетін болады.

-Осыған дейін біз қала шетінде пәтер жалдап тұрдық. «Бақытты отбасы» туралы естігенімізде, бастапқы жарна үшін ақша жинай бастадық. Сөйтіп, өтініш беріп, пәтер таңдап, енді міне, өзіміздің жеке үйімізге көшіп барғалы жатырмыз. Өз пәтеріміздің болатынын ойласақ, қуанышымыз қойнымызға сыймайды. Себебі бұған дейін біз Алматыдан үй аламыз деп еш ойлаған емес едік, - деді қуанышымен бөліскен Анар Асанбекова.

«Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысқандармен қоса, ол үшін де Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде төлем қабілеттілікті растау жеңілдетілген тәртіпте өткізілді. Ал займ бойынша ай сайынғы төлемді төлеу үшін, Анар Асанбековаға өз кірісі мен ересек адам басына шаққанда 5 АЕК-ті құрайтын мөлшерде өмір сүруге қажетті ең төменгі соманы растау қажет болды. Осы орайда, айта кететін жайт, төлем қабілеттілікті бағалау кезінде балаларға кететін шығын түрлері есептелінбейді.

Көпбалалы отбасыларды қолдап, олар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға қатысты тапсырманы Елбасы «Нұр Отан» партиясының XVIII сезінде берген болатын. Алматы қаласы - қалалық бюджеттен қаражат бөліп, көпбасылы отбасылар үшін пилот түрінде «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасын іске қосқан алғашқы қала. Соның арқасында, енді жүздеген алматылық отбасы жалдамалы пәтерден өз баспаналарына көшетін болады.


қайтару

ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Суреттегі кодты енгізіңіз