Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Атырау облысындағы денсаулық сақтау саласының 300 қызметкерін баспанамен қамтамасыз етуге көмектеседі

11 Сентября 2018 Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Атырау облысындағы денсаулық сақтау саласының 300 қызметкерін баспанамен қамтамасыз етуге көмектеседі
Дәрігерлер мен медбикелер жаңа үйлерді 1 шаршы метрі 180 000 теңге бағамен сатып ала алады. Жалпы алғанда, бір бөлмелі пәтердің бағасы 7,9 млн, ал екі бөлмелі үйдің құны 9,9 млн теңгені құрайды. Денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне арналған пәтерлер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) «Өз үйім» атты жеке бағдарламасы аясында сатылмақшы. Аталған жоба шеңберінде баспаналы болу үшін бағдарламаға қатысушыларға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шоттарына 20% көлеміндегі бастапқы жарна салу керек. Осыдан кейін олар жылдық мөлшерлемесі 7% болатын заем ресімдей ала алады.

Баспанадан үміткер қызметкерлер тізімін Атырау облысы әкімдігі әзірлейді. Сондай-ақ жергілікті атқарушы орган құрылысқа арналған жер беріп, инженерлік коммуникациялар жүргізуді қамтамасыз етеді және аумақты көгалдандырады.

Ал тұрғын үйлер құрылысын жүргізуге «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы көмектеседі.

Бұл туралы ынтымақтастық меморандумына бүгін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев және «Атырау» ӘКК басшысы Марат Түсіпқалиев қол қойды.
Аталған келісімге сәйкес, 297 пәтерден тұратын төрт нысан салынады және олар 2019 жылы пайдалануға беріледі.

Бұдан бөлек Атырау облысы тұрғындарын баспанамен қамтамасыз етуге арналған тағы басқа бірқатар меморандумдарға қол қойылды.

- Бүгін Атырау облысы әкімінің бастамасының және қолдауының арқасында ынтымақтастық туралы төрт бірдей келісімге қол қойдық. Бұл құжаттар аймақтың 2000 тұрғынына төмендетілген бағамен баспана сатып алуға мүмкіндік береді. Сатылатын үйлердің жалпы аумағы 172,6 мың шаршы метрді құрайды. Медицина қызметкерлерінің, жас отбасылардың және жергілікті әкімдікте пәтер мен жер кезегінде тұрған азаматтардың өз үйлеріне қол жеткізетінін айта кеткен маңызға ие. Біз оларға баспанаға деп ақша жинаудың қаншалықты қиын екенін білеміз. Сондықтан қолдау білдіріп, елдегі ең қолжетімді шарттармен пәтер алуға көмектесеміз, - дейді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басшысы Ләззат Ибрагимова.

Екінші меморандум тек Атырау облысы аймағында жүзеге асырылатын «Жас Отау» тұрғын үй бағдарламасына қатысты болды. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, аймақ әкімдігі және «Атырау-Жас Отау» ЖШС арасында бекітілген келісімге сәйкес, «Нұрсая» ықшамауданында 100 пәтерден тұратын үй салынады. Бұл нысаннан жасы 29-ға жетпеген ерлі-зайыптылардың жас отбасы пәтер сатып ала алады. Олар үшін үйлердің 1 шаршы метрінің бағасы 179 000 теңгені құрайды.

Тағы екі меморандум «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты бекітілді.

Аталған бағдарламаның «Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» атты бағыты бойынша қазір «Нұрсая» (8 үй) және «Береке» (13 үй) ықшамаудандарында 21 тұрғын үй салынып жатыр. Жалпы алғанда 1 шаршы метрінің бағасы 180 000 теңгені құрайтын 1 512 пәтер пайдалануға беріледі. «Нұрлы жер» бағдарламасының қатысушысы атанып, аталған пәтерлерді сатып алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотта 20% көлеміндегі бастапқы жарнаның болуы жеткілікті. 1 бөлмелі пәтердің бағасы 7 млн теңге деп алғанда, депозитте 1,4 млн теңге болуы қажет. Осыдан кейін банк жылдық мөлшерлемесі 5% болатын жеңілдетілген заем береді.

Бұл пәтерлер бойынша өтініштер baspana.kz порталында қабылданады. Мұнда тұрғын үйден үміткер азамат ұнаған пәтерді таңдап, тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысу үшін өтініш бере алады.
«Нұрлы жер» бағдарламасының «Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту» атты тағы бір бағыты бойынша Талғайран тұрғын үй массивінде 80 коттедж салынып жатыр. Олардың әрқайсының аумағы 64-191 шаршы метр аралығында, үйлер бір және екі қабатты. 1 шаршы метрінің құны 120 000 теңгені құрайды.

Мұндай жеке үй сатып алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары баспана бағасының 20%-на тең бастапқы жарна болған жағдайда жылдық мөлшерлемесі 5% болатын жеңілдетілген заем ресімдей алады. Сондай-ақ үміткерлерге жергілікті әкімдікте жер телімін алуға кезекте тұру керек. Тиесілі 10 сотық жерді олар тегін алады. Яғни тек коттедждің ақысын ғана төлеу керек болады.






қайтару

ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Суреттегі кодты енгізіңіз