Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Банк салымшыларының назарына!

9 Ноября 2018 Банк салымшыларының назарына!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Сіздерге Банк филиалдарының 2018 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2019 жылғы 2 қаңтарға дейінгі аралықтағы жұмыс тәртібі жайлы ақпаратты ұсынады.

2018 жылғы 29 желтоқсанда сағ. 18.00-ге дейін Банк филиалдары төмендегі операцияларды жүргізеді:
∙ тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы туралы шарттарды жасау және бұзу;
∙ тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы туралы шарт талаптарына өзгертулер енгізу;
∙ жасалған тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы туралы шарттарға құқықтар мен
міндеттемелерді беру, біріктіру, бөлу жөніндегі қосымша келісімдерді жасау;
∙ мемлекеттік, салалық, өңірлік тұрғын үй бағдарламалары аясында заемдарды беру,
ақша беру және аудару, заемдарды беру бойынша ақша аудару;
∙ заемдарды өтеу шотына кассалар мен төлем терминалдары арқылы ақша қабылдау
және салымға жарналарды қабылдау.

2019 жылдың 3 қаңтарынан бастап Банк филиалдары төмендегі операцияларды жүзеге асырады:
• кассалар немесе төлем терминалдары арқылы заемдарды өтеу шотына ақша қабылдау және салымға жарналарды қабылдау;
• тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы туралы шарттарды жасау және бұзу;
• заемдарды беру, ақша беру және аудару.
2019 жылдың 3 қаңтарынан бастап 2018 жылдың мемлекеттік сыйлықақысы салымшылардың жинақ шоттарына нақты есептелгенге дейін Банк филиалдары тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы туралы шарттардың талаптарын өзгертуге (құқықтар мен міндеттемелерді беру, біріктіру, бөлу, тарифтік бағдарламаны ауыстыру) өтініштерді қабылдамайды.

Сіздерді қызықтыратын сұрақтарыңыз бойынша 300 нөміріне хабарласуыңызды өтінеміз.

қайтару

ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Суреттегі кодты енгізіңіз