Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жұмыстың тұрақтылығы мен клиенттер алдындағы барлық міндеттемелердің орындалып жатқандығы туралы хабарлайды

7 Июня 2019 «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жұмыстың тұрақтылығы мен клиенттер алдындағы барлық міндеттемелердің орындалып жатқандығы туралы хабарлайды
Бүгін, сағат 15:00-дегі мәліметтер бойынша, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 456 салымшысы жаңа депозит ашып, 95 салымшы банктік займ алды.

Сондай-ақ, салымдарды біріктіру, бөлу және оны табыстау процедуралары жоспарлы режимде жүргізілуде.

Барлық аймақтық филиалдар мен банктік қызмет көрсету орталықтары штаттық түрде жұмыс жасайды.

Естеріңізге салсақ, 2,5 сағат бұрын Telegram каналында «Паника началась» деген тақырыпта хабарлама пайда болды. Ол жерде азаматтардың Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде өз жинақ шоттарын жауып жатқандығы жөнінде жалған ақпарат таратылды. Сонымен қатар, аталған хабарламамен бірге Банк бөлімшелеріндегі жаппай кезекте тұрған адамдардың суреті қоса жарияланды.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі аталған хабарламаның авторына Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне сәйкес, құқық қорғау органдарына өтініш бергендігін хабарлайды.

Бүгінгі күннің соңына дейін банк кемінде тағы 200 займ беруді жоспарлауда. Кеше 279 займ берілді. Дәл қазір банк клиенттері пәтер кілтін алып, қоныс тойын атап өтуге дайындық үстінде.

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы әрі акциясы Қазақстан Республикасы Үкіметіне тиесілі мемлекеттік жинақтау институты ретінде өз клиенттері алдында барлық міндеттемелерді орындау үшін қажетті мүмкіндіктер мен ресурстарға ие.

қайтару

ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Суреттегі кодты енгізіңіз